Жолдау аясындағы жұмыстар ауқымды
Қарашаның 18- і күні облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясы өтіп, онда БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өлкеде Жолдау аясында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Мұқаев, облыс әкімінің орынбасарлары, Орал қалалық әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, депутаттар мен БАҚ өкілдері қатысқан жиында алдымен БҚО әкімі Нариман Төреғалиев облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. –Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айқындаған маңызды құжат деген Нариман Төреғалиұлы Президент тапсырмаларын іске асыру – баршамызға ортақ міндет болып саналатынын баса айтты. Осы бағытта өңірімізде әлеуметтік –экономикалық дамуды қамтамасыз ету, тұрғындардың әл –ауқатын арттыру және цифрлық трансформацияны жеделдету мақсатында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып, депутатттық корпуспен бірлесіп, тұрғындар өмірінің сапасын жақсартуға, экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз етуге және аймақтың әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған істерді атап өтті.
Сессияда БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов та атқарылған ілкімді істер туралы баяндады. Мәселен, облыс экномикасына 566,6 млрд.теңге инвестиция тартылса, оның ішіндегі өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында 104 млрд.теңге 21 инвестициялық жоба іске қосылған. 2025 – 2030 жылдарда жалпы құны 4,4 трлн. теңгеге 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 73 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылда құны 56,9 млрд.теңгеге тең келетін 35 жоба және жыл басынан бері құны 5,8 млрд.теңгеге 6 жоба іске асырылған. Бұдан бөлек, 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыста өндірілген өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 3,1 трлн.теңгені құрап, 3,6 пайызға артқан. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 303,5 млрд.теңгеге өскен. 2024 жылы 8,3 пайызды құраса, биыл 9,8 пайызға жеткен. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына 21,4 млрд.теңге субсидия, 30,8 млрд.теңгеден астам жеңілдетілген несие берілген. 2025 -2027 жылдары ауыл шаруашылығы саласында 68,1 млрд.теңгеге 54 инвестициялық жоба жоспарланса, ағымдағы жылы соның 15,4 млрд.теңгеге 18 жобасы іске асқан.
«Жайық үн»
Бұл туралы толықтай мақаланы газеттің ертеңгі санынан оқуға болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.

Кіру