8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Мамыр 2019 1951 0
Қоғам

Жеке мүлкіңе мұқият бол

Соңғы кездері көпшілік орындарда белең алған бөтеннің мүлкі ұрлығының алдын алу мақсатында қаладағы жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие сағаттары мен тренингтер өткізілуде.   Себебі, жасы кәмелетке толмаған  жасөспірімдердің  уақ-түйек ақшасын, ұялы телефондарын  ұрлатып алып, келеңсіз жағдайларға душар болатыны жасырын емес. Жуықта, қаладағы №17-орта мектепте «Жеке мүлкіңе мұқият бол» тақырыбымен  сынып  сағаты өтті.

Сынып сағатына Орал қ.ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың аға инспекторы полиция майоры Мадина Құспанова, Абай Пб кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың инспекторы полиция аға лейтенанты Асылбек Ахметов және  мектептің педагогикалық ұжымы қатысты. Мектеп инспекторы  Асылбек Ахметов оқушылар алдында жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтарлың орын алмауын талап етіп, қоғамдық көліктер мен көпшілік мәдени демалыс орындарында жеке мүліктеріне мұқият болуларын, жалпы сақтық ережелерін түсіндірді.  Жеке мүлік ұрлығының қолды болуы, ұсталған күдіктілердің заң алдында жауапталатыны жөнінде хабарлама жасады, заң баптарына тоқталып түсіндірді.

Сонымен қатар, оқушылардың сағына күтетін және асыр салып ойнайтын жазғы демалыс кезіндегі қала сыртындағы лагерьлер мен шатырлы лагерьлерге барғанда  суға шомылу ережелерін естен шығармаулары тиістігін, ұрлық-қарлықтан сақтану, ақша мен әмиян, ұялы телефон мен құнды киімдеріне мұқият болулары  керектігін де айтты. Жоғары сынып оқушыларына арнап дайындалған жадынамалар мен ұрлықтан сақтану қағидалары басылған парақшалар үлестірді.

Бұл жолғы сынып сағаты тек қана мектеп оқушыларына арналып ұйымдастырылған еді. Алдағы уақытта ата-аналармен бірлесіп тренингтер өткізу жоспарланды. Түптеп келгенде әр адам өз мүлкіне өзі жауапты болуы тиіс деген пікірге барлығы қосылды. Бөтеннің мүлкі ұрлығына жол бермеу шараларын  бірлесіп атқаруға келісті.

Гүламан Исмағұлова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
100 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
74 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»