ЖАУЫНГЕР БОТҚАСЫНАН ДӘМ ТАТТЫ
Бұл күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен майдангерлерге рух беретін, бүгінгі ұрпақ үшін де қасиетті әуендер шырқалып, ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне арналған Жауынгер ботқасы дайындалды.
Мерекелік шара барысында ардагерлерге дастарқан жайылып, сый-құрмет көрсетілді. Қарт майдангерлер сарбаз ботқасынан дәм татып, сұрапыл соғыстың қым-қиғаш сәттері мен бастарынан өткен қиындықты еске түсірді.
Саябақта қалалықтарды Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен қала әкімі Мұрат Мұқаев құттықтады.
– Ұлы Жеңістің ерлікке толы, тарихи күндері ешуақытта ұмытылмайды. Майдангерлеріміздің Отан қорғауда жасаған ерліктері мәңгілік, ол уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Отанға қалтқысыз қызмет етудің үлгі-өнегесін көрсеткен жеңімпаз бабаларымыздың рухына бас иеміз. Тәуелсіз мемлекетімізде, қазақ жерінде Көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін, елімізде бейбітшілік мәңгі орнасын, – деді Мұрат Рахметұлы. Өз кезегінде зейнеткер-ұстаз Меруерт Жолдықайырова ардагерлердің үнемі басын қосып, рухын көтеріп отыратын облыс әкімі Алтай Сейдірұлына, қала басшысына ардагерлер атынан алғыс білдірді. – Ұлы Отан соғысы кезінде үш жыл жарымдай облыстық радиода диктор болып жасадым. Ол кезде А.Пушкин атындағы институттың студенті едім. Соғыстың барысы жөнінде бірде жылап отырып, бірде қуанып, жақсылы-жаманды хабар тараттық. Бір күні университеттің ректоры «Сізді облыстық радиодан шақырады» деп елең-алаңнан айтқанда тоғызыншы мамыр болатын. Сонда біз «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар. Оралдан сөйлеп тұрмыз. Бүгін ауа температурасы 25 градус ыстық. Сіздерге бүгін өте қуанышты хабарды жеткізгелі тұрмыз. Совет Армиясы жеңіске жетті. Енді бұдан былай соғыс болмайды. Қуаныңыз! Қуаныңыз!» деп радиодан ақпарат таратқан едік. Сөйтіп сабаққа кетіп бара жатсақ, қазіргі Абай алаңына қарақұрым халық жиналып, қуаныштан билеп жатты. Бүгін баршамыздың қуануымыз орынды. Қазір бақытты елміз. Өңіріміз өркендеді. Елімізде тек тыныштық болсын, – деген ардагер ұстаздың жылы естелігі жұртшылықты тебірентті.


Мерекелік кездесуде ардагерлер жастық шақтарын естеріне алып, соғыс жайлы, Жеңіс туралы әндердің ырғағына қосыла биледі.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу