8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2019 1744 0
Қоғам

«ЖАСЫРЫН САТЫП АЛУШЫЛАР» 110 БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

 

2019 жылдың 19 ақпанда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Мемлекеттен көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б.Ибрашев, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары М.Ермеков, БҚО ХҚКО директорының орынбасары Б.Қанешев БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифинг барысында «Жасырын сатып алушы» әдісімен қоғамдық бақылау жұмысының қорытындысы таныстырылды.

Бауыржан Ибрашевтың айтуынша, өткен жылы қоғамдық үкіметтік емес ұйымдар қызмет көрсететін 81 мекемеде 87 кездесу өткізген. Қоғамдық бақылаудың қорытындысымен мемлекеттен көрсетілетін қызметтер саласында 110 бұзушылық анықталып отыр. Бұзушылықты жою және оларды туындататын жағдайларды болдырмау мақсатында 109 тиісті ұсынымдар енгізілген.

Бүгінгі күні барлық көрсетілетін қызметтердің көбісі электронды түрде көрсетілуде. 2018 жылы облыста 375 қызмет түрінен 3 миллионнан астам қызмет көрсетілді, соның ішінде 1 646 290-ы немесе 51,2%-ы электронды түрде көрсетілді. 2017 жылмен салыстырғанда қызметтерді электронды түрде көрсету 8,7%-ға өсіп отыр. Электрондық цифрлық қолтаңба алуға сұраныстың көбейгендігін айтып өткен жөн.

Өз кезегінде, Момыш Ермеков Департаментпен бірлесе автокөлік құралдарының техникалық қарап-тексерудің жалған диагностикалық карталарын анықтауға жүргізілген тиісті рейдтік шараларға тоқталды.

«Арнайы мониторингтік топ өкілдері электрондық циярлық қолтаңба алу үшін кезектің көптігіне назар аударған болатын. Соның нәтижесінде, ауруханалардағы ХҚКО арқылы бекітуді енгізуі, ХҚКО-дағы кадрдың жетіспеушілігі,сервистар жұмысының істен шығуы секілді мәселелердің әсерінен туындап отыр» – деді БҚО ХҚКО басшысы орынбасары Бауыржан Қанешев.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
46 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
97 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
73 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»