Жас ақындарды ұлықтаған айтыс
Бүгін, қыркүйектің 18- і күні Жастар мәдениет сарайында дәстүрлі Қала күніне орай және Қазақстанның Халық жазушылары Ж.Молдағалиевтың 105, Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына байланысты оқушылар арасында «Тартынбай сөйлер асылмын» атты тақырыпта lV облыстық ақындар айтысы өтті. Айтыстың ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеген Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Мерғалиев жас ақындарға сәттілік тілеп, айтыстың маңыздылығына тоқталды. Бұдан соң сахнада төрт жұп өздерінің ақындық қабілеттерін танытып, ең жас ақын Бақберген Ажығұл көрерменнің көзайымына айналды. Сондай – ақ Б.Бекзат, Б.Кәкім болашақта халықтың сенімінен шығатын ақындар екенін көрсетті.
Айтыстың нәтижесі бойынша бас жүлдені оралдық Б.Бекзат қанжығасына байлап, теледидар ұтса, 1- орынды қаратөбелік Д.Өтепов иеленіп, ұялы телефонға ие болды. 2- орын бөрлілік Б.Кәкім мен 3- орын қаратөбелік Қ.Жалғасовқа бұйырып, оларға планшет пен ақылды колонка сыйға берілді. Сондай – ақ қалған өнерпаздар «Ш.Қыдырниязова», «Н.Нағымов», «Ж.Жұрмағамбетова» атындағы арнайы жүлденің иесі атанды. Өңірімізде төртінші рет оздырылған бұл айтыс жас ақындардың суырыпсалмалық өнерлерін шыңдай түсті.
«Жайық үні»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру