8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қаңтар 2019 1704 0
Қоғам

ЖАҚСЫ ТҰРМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ – ЖҰМЫС

Астанада өткен Жастар жылының ашылуына арналған жиында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ірі қалалардағы жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларының өзектілігін атап өтіп, бұл мәселені шешу үшін тұрақты кіріс болу керектігін, сондай-ақ, адамның жақсы тұрмысының негізгі көзі – жұмыс екенін айтты. 

Президент атап өткендей, Үкімет алдымен жұмыс жасайтын жастар үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында кемінде бір мың пәтердің құрылысын қамтамасыз етуі керек. Бұл пәтерлер арендалық тұрғын үй санатымен берілуі тиіс. Осы мәселені шешуге «7-20-25» бағдарламасы да бағытталатын болады. Сондай-ақ жас қызметкердердің тұрғын үй мәселесін шешуге меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар атсалысуы керек.

– Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемдік статистиканы тілге тиек етіп, ХХ ғасырға тән «отбасы немесе жұмыс» дилеммасы келмеске кеткенін, үйде отырып-ақ жұмыс жасауға болатынын айтты.

– Бүгінде әлем бойынша 18 бен 30 жас аралығындағы 300 миллион жастың тұрақты жұмысы жоқ. Дегенмен, ғалымдардың болжамынша, 2050 жылға қарай қазіргі мамандықтардың жартысы жасанды интеллектпен алмасады. Бұл – саудагерлер, call-орталық мамандары, заңгерлер мен экономистер. Жасанды интеллект алмастыра алмайтын «күрделі» саналатын мамандықтарға ғана сұраныс қала бермек. Оның қатарында  – ғалымдар, топ-менеджерлер, мәдениет қызметкерлері, IT саласының топ мамандары жоғары санатты дәрігерлер бар.  Сонымен қатар мейірбике, бала күтуші, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да «қарапайым» мамандықтар сақталады. Қазір үй немесе жұмыс дейтін заман емес. Қашықтан жұмыс немесе жеткізу қызметтерінің дамуына байланысты үйде отырып-ақ жұмыс жасауға болады, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

сурет http://www.akorda.kz сайтынан алынды 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»