Жаңашыл жас маман
Өз заманында ұлттың мүддесін ойлаған ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп, бекер айтпаса керек. Бүгінгі қоғамда егемен елдің жарқын болашағы іспетті дарынды қыз-жігіттер аз емес. М.Мәметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп-лицейінің жас ұстазы Елжан Есетов күрделі де қызықты математика пәнін өскелең ұрпаққа жете меңгертуге еңбек сіңіруде.
Елжан Нұрлыханұлы ─ өз пәнін теориялық және әдістемелік жағынан терең меңгерген, жас болса да кәсіби деңгейі жоғары ұстаз. Әдістемелік тақырыбына сай шығармашылықпен еңбектеніп жүр. Әр сабағына оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, жан-жақты ізденіске баулиды. Сабақтарын түрлендірІп, әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды, техникалық оқу құралдарын қолданып, оқушылардың білім тереңіне бойлауына мүмкіндік жасайды.
Кейіпкеріміздің математиканы оқытудағы негізгі мақсаттарының бірі ─ әр баланың пәнге қызығушылық қабілетін дамыту. Елжан педагогика саласында үш жылға жуық уақыт жұмыс жасаса да, бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген. «Жас математик ─ 2015» олимпиадасынан І орын, математика пәні мұғалімдерінің ІV қалалық шығармашылық байқауынан және «Математикалық регата» сайысынан алғыс хат иеленіп, қалалық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жас ұстаздан тәлім алған шәкірттері де қалалық, облыстық, республикалық білім додаларында жүлдегер атанған. Сонымен қатар Елжан Нұрлыханұлының «Логика және тапқырлық» атты қолданбалы курсы, «Заманауи үздік технологиялар ─ жас мамандар мектебінде» атты жас математиктерге арналған әдістемелік құралы қала мектептеріне таратылыпты.
Әр сабағы жаңашылдығымен, биік адами қасиеттерге баулитын мазмұндылығымен ерекшеленетін жас жуырда «Дарынды балаларға ─ талантты ұстаз» атты ХІІ республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жеңіске жеткен. Енді талантты ұстаз аталмыш байқаудың Алматыда өтетін республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайды. Әріптестері Елжанның үлкен сыннан сүрінбей өтіп, бас жүлдемен оралуынан үмітті.
Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу