8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Желтоқсан 2022 7938 0
Жалын

Жаңа жылға дайындық ойдағыдай…

Бүгін, Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов 2022 жылы осы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сондай-ақ, осы желтоқсан айының соңғы апталарында  өтетін Жаңа жыл мерекесі туралы да айтып берді.

Қазір жерлестеріміз көп жиналатын жерлерде Жаңа жылдық безендіру жұмыстары жүруде. Мерекенің басты нышаны болып табылатын жасыл шыршалар Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында,Зашаған кентінде, Круглозерное, Деркөл кенттерінде орналасады. Сондай-ақ, биіктігі 23 метрді құрайтын бас шырша  Тұңғыш Президенті алаңында орнатылады. Бас шыршаны құру, бұзу, безендіру жұмыстарын «Gold  Строй» ЖШС жүргізеді. Ал, мерекелік атрибутикаларды дайындау жұмыстарын жүргізуге,безендіруге  «Ресурс ЖК» –мен келісімшарт жасалды. Құрылыс және безендіру жұмыстарының жалпы құны 16 млн.теңгеге жуық қаражатты құрап отыр,- деді Сайран Темірғалиұлы.

Сондай-ақ, 20-21 желтоқсан күндері   мүмкіндігі шектеулі балаларға және көпбалалы отбасы балаларына арналған «Сиқырлы күн» атты қала қала әкімінің мерекелік шыршасы өткенін,  бұл шараға 250 бала қатысқанын  айтты. Жаңа жылға арналған мерекелік концерттік бағдарлама ҚР Тұңғыш Президенті алаңында 31 желтоқсанда сағат 20.00-де өтеді деп күтілуде. Сол күні кеште мерекелік   отшашу сағат 23.00 – ге жоспарлануда деп жауап берді аталмыш мекеме басшысы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»