8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қазан 2018 2636 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАҢА ТЫНЫМБАҚ АШЫЛАДЫ

       Қаладағы Т.Масин көшесіндегі шаһар шырайын келтіретін жаңа саябақ аяқталуға таяу. Сәні мен салтанаты келіскен саябақты жеке кәсіпкер, «БККС» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Жасұлан Жақыпов қалалықтар игілігіне сыйға тартпақ.

  

Кәсіпкер бұл мақсатқа 40 млн.-ның үстінде қаражат бағыттап отыр. Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Орынбасар Бисенғалиевтың айтуынша,  бұл ағымдағы жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында Орал қаласында демеушілердің қаражаты есебінен салынып жатқан үшінші тынымбақ. Мұндағы құрылыс  монтаждау жұмыстарын «Эркер» ЖШС жүргізуде. Жұмыстар әлі толықтай аяқталған жоқ. Яғни айналаны қоршап, тазалау жұмыстары ғана қалды. Қосымша бейнебақылау камералары орнатылады. Таяу күндері толықтай пайдалануға беріледі.

– Т.Масин ескерткіші жанындағы бос жатқан алаңқайды халық игілігіне пайдалансын деп шештім. Саябақта архитектуралық құрамалар, яғни жүргіншілер жолы, жарықшамдар, орындықтар және балалар алаңқайы орнатылды. Аумағы 540 шаршы метрді құрайды. Барынша жасыл-желекті сақтауға тырыстым, – дейді кәсіпкер.

Бұдан өзге шаһарда Еуразия даңғылы бойындағы «Сити центр» маңынан және Ет комбинаты ауданынан «Денсаулық» саябағы ашылды. Сондай-ақ 29 аула абаттандырылып, 10 аула спорт алаңымен жабдықталды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
29 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
28 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
30 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
33 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
93 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»