8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Тамыз 2026 204 0
Жаңа қоныс

Жаңа баспанаға 35 отбасы қоныстанды

Орал қаласының «Ақжайық» шағынауданында жалғыз баспанасы апатты деп танылған 35 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті табысталды.

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жаңа пәтер иелерін қоныс тойымен құттықтады.

Өңір басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекет назарындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

– Жаңа баспана – әр отбасы үшін үлкен қуаныш, жаңа өмірдің бастауы. Алдағы уақытта да тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз. Әрбір азаматтың баспаналы болуына бар күш-жігерімізді саламыз, – деді Нариман Төреғалиев.

Биыл Орал қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 200 пәтер беру және 1000 пәтерді несиелік негізде ұсыну жоспарланған. Бұл шаралар халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

«Ақжайық» шағынауданы да қаланың жаңа сәулеттік келбетін қалыптастыратын ірі жобалардың қатарында. Мұнда инженерлік инфрақұрылым тартылып, әлеуметтік нысандардың құрылысы кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жаңа пәтерлерге ие болған отбасылар үшін бұл күн көптен күткен қуанышқа ұласты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
80 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
74 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
132 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
167 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»