8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Желтоқсан 2022 8980 0
Жалын

Жүлде құтты болсын!

Бүгін түсауа Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Шаңырақ» шығармашылық байқауының және «Үздік медиатор-2022»,«Жомарт жан» номинациясының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті. Жиында марапатталғандардың қатарында әріптестеріміз, өлкеге белгілі журналистер Александр Суетин, Әуес Орынаева, Лаура Бекболатова, Светлана Амановалар бар. Сондай-ақ, шыңғырлаулық Сағынғали Имашев «Үздік медиатор» атанды.
Жүлдегерлердің арасында «Жаңа Орда» құрылыс ЖШС директоры, танымал кәсіпкер Абзал Насиолла да бар! Бұл жолы «Жомарт жан» номинациясының жеңімпазы атанған Абзал Насиоллаұлын сөзге тарттық.
– Казталовка ауданының Әжібай ауылында туып-өстім. Көп жылдан Тұрғын үй құрылысын салумен айналысамын. Жыл сайын өңіріміздегі барлық қайырымдылық акциясына қолдау танытып, қамқорлықты қажет ететін мұқтаж адамдарға демеушілік жасаймын. Биыл Балалар жылына орай, 13 млн. теңге қаражатқа туған ауылыма футбол ойын алаңын орнатып бердім. Әжібайлық балалар игілігін көруде. Қашанда ел мүддесін өзімнен биік қоямын. Әрдайым қолы ашық азаматтарды өзіме үлгі етемін. Мінекей, бүгін өткен байқауда «Жомарт жан» номинациясының үздігі атанып, қуанып тұрмын. Жасаған жақсылықтар алдыңнан шығады екен. Еңбегімді елеп, марапаттаған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,-деді Абзал Насиолла.
Біз, өз саласында үлкен жетістікке жеткен байқау жүлдегерлерін құттықтап, толағай табыс, зор денсаулық тілейміз!

Г. ТРАЙСОВА.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
41 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»