8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Сәуір 2019 2569 0
Қоғам

ҮЗДІК МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Орал қаласының №48 жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық, қалалық білім беру ұйымдарындағы мектеп психологтары арасында жүзеге асыратын, талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын педагог-психологтарды анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында «Үздік мектеп психологы» облыстық байқауы өтті.

 

Байқауға қатысушылар екі кезең бойынша бақтарын сынады. Қатысушылар алғашында психологтың презентациялық портфолиосын қорғап,  «Мен және менің мамандығым» тақырыбындағы мотивациялық хат жазып, үздік деп танылған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңге өткен аудандық, қалалық білім беру ұйымдарындағы мектеп психологтары 2 кезең бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады.

Сайыстың «Тұсаукесер» кезеңінде қатысушылар өзін кәсіби креативті түрде таныстырып, өзінің ерекшелігін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетті.  Содан кейінгі бөлімде сайыскерлер мамандығы бойынша әртүрлі тақырыпта, ынтымақты іс-қимыл тереңдігін көрсету, тәжірибеде қолдануға болатын нәтижесі бар психологиялық тренингтер өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша Теректі ауданы, Подстепный қазақ ЖОББМның педагог-психологы Жұмагүл Хамзина үздік деп танылып, І орын иеленсе, Бөрлі ауданы, №1 мектеп-балабақша кешені педагог-психологы Аққаным Мақсұтова ІІ орын, Орал қаласы, №26ЖОББМ педагог-психологы Айман Раушанова ІІІ орын иеленді.

«Өз ісінің шебері» аталымымен Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышев атындағы ОЖББМ педагог-психологы Айкөркем Бахтыгереева, «Шығармашыл психолог» аталымымен Қазталов ауданы, Жаңажол орта жалпы білім беретін мектебі, педагог-психологы Гүлзада Болатова, «Жаңашыл ізденімпаз психолог» аталымымен Жәнібек ауданы, Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ педагог-психологы Назерке Қадырова марапатталды.

Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз хатшысы 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»