8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қыркүйек 2019 1780 0
Қоғам

ҮЗДІК МАМАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Қала күні мерекесі аясында 5 қыркүйек күні Абай алаңында танымал диджейлердің қатысумен «Open air» атты жастарға арналған би кеші ұйымдастырылды.  Мыңдаған оралдық жастың басын қосқан кең ауқымды шарада қаланың өркендеуі мен дамуына зор үлесін қосқан әр саланың мамандары марапатталды.

Жыл сайын Қала күніне орай өткізіліп жүрген «Үздіктер» байқауы биыл 12 аталым бойынша осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. Байқау талаптарына сай үміткерлердің өтініштері арнайы құрылған комиссияда қаралып, үздіктері анықталды. Бүгінгі кеште нәтиже жарияланып, жеңімпаздарды қала әкімі Абат Шыныбеков құттықтап, марапаттарын табыс етті.

Атап айтқанда, «Үздік құрылысшы» аталымында он жылдан астам құрылыс саласында еңбек етіп жүрген «Отдельстрой» ЖШС-ның құрылысшы маманы Айнагүл Байғалиева бірінші орынды иемденді. «Үздік мұғалім» атануға үміткерлер көп болғанымен, комиссия мүшелері №30 орта мектептің мұғалімі Ақжарқын Хамбетованы бірінші орынға лайық деп таныды. «Үздік медицина қызметкері» номинациясында бұл салада отыз жылдан астам еңбек өтілі бар Клара Сапарова,  «Үздік сантехник» аталымы бойынша Ришат Сырғабаев, «Үздік электрші» аталымында Аслан Жақыпов, «Үздік тігінші» номинациясында Дана Нәдірова жеңімпаз атанды.

«Қала күніне»  орай өткізілген «Жасыл қала» байқауының қорытындысы бойынша Орал қаласының санитарлық жағдайын жақсарту және абаттануына үлес қосып жүрген Ақбұлақ көшесі 15-үй мекенжайы (үй иесі – Ғаділше Малейтенов) –  «Үздік аула», №34 «Балбұлақ» бөбекжайы – «Үздік аумақ», Жаңа орда шағын ауданы 21 мекенжайындағы көпқабатты үй – «Үздік подъезд», Зашаған кентіндегі бірнеше үйді қарауына алып отырған «Таза аудан» пәтер иелері кооперативі  – «Үздік ПИК» аталымында жеңімпаз деп танылды.

Сондай-ақ шаһардың әдемі көрінісі мен тыныс-тіршілігін бейнеге түсіріп жүрген жандар да арнайы марапатқа лайық деп танылды. Мейірбек Тәжіқұранов «Үздік фотосурет» байқауынан бірінші орынды иемденсе, Орал қаласына арналған әнге тамаша бейнебаян жасаған Әлішер Ғұмаров «Үздік видеоролик» байқауынан жеңімпаз атанды.

Байқауды ұйымдастырған «Ғасыр» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұркен Әбдіқаппаровтың мұндай шаралардың қала азаматтарын ынталандыруда маңызы зор. Ал байқаудың әр аталым бойынша екінші және үшінші орын жүлдегерлері де арнайы марапат пен бағалы сыйлықтарға ие болмақ.

Шарада қала өнерпаздары  концерттік бағдарламаларын ұсынып,  ашық аспан астындағы кеш жастарға арналған бимен жалғасты.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
760 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»