8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қаңтар 2019 1666 0
Қалалықтар қаперіне

ЗАШАҒАНДА СЕГІЗ ҮЙ САЛЫНУДА

 Зашаған кентінің әкімі Әділбек Қадыров кент тұрғындары алдында есеп берді. Есепті кездесуге қала әкімі Мұрат Мұқаев, қала әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлімше басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

 Соңғы жылдары халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу жолында қалаға қарасты Зачаган кентінде жұртшылықтың көз алдында атқарылған жұмыстар жетерлік. Бүгінде кент тұрғындарының саны 52 мыңнан асып жығылады. Кент аумағында 13 шағынаудан мен 1 село орналасқан. Ұлттық құрамы жағынан халықтың 75 пайызы қазақтар. Осыдан он жыл бұрын мұнда 17 мың тұрғын мекендесе, қысқа мерзімде олардың саны үш есеге артып отыр. Бұл есепті кезеңде шағынаудандар, мектеп, балабақша, өзге де әлеуметтік нысандар қатары артқанын көрсетеді. Қазіргі таңда кенттің инфрақұрылымы толықтай өзгерген. Шешімін тапқан мәселелермен қатар, шешімін табуды қажет ететін өзекті жайттар да жетерлік. Кент әкімінің баяндамасына сүйенсек, «2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде кентте 64957,5 мың. теңгені құрайтын 5 жоба мақұлданған. Өткен жылдың нәтижесі бойынша, ауыл шаруашылығында барлық көрсеткіш жоғары. Кентте 24 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде, 500 тонна өнім 15 млн. теңгеге сатылған. Апта сайын 15 шаруа қожалығы және 11  жеке кәсіпкер тұрақты қатысып отырған. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту 2020», «7-20-25» бағдарламалары аясында Зашағанда 34 көпқабатты үй, яғни 3903 пәтер пайдалануға берілген.  Сондай-ақ 8 тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

  

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»