8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2019 2835 0
Қоғам

ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Орал қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.


Сот судьялары 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 217-VI Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын, арбитражды қорғауды күшейту, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық құқықты одан әрі ізгілендіру туралы Заңына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында Орал қаласының №2 сотының төрағасы Азамат Борамбаев, Орал қаласының №2 сотының судьялары Алтын Айтуарова, Хатима Ерсенова, БҚО-ның нотариат палатасының төрағасы Найля Елегенова, Орал қаласының прокуратурасының, жеке сот орындаушылар палатасының, адвокаттар алқасының өкілдері сөз сөйледі.
Баяндамашылар түсіндіргендей, заң 2019 жылғы 23 қаңтарда ресми жарияланымдарда жарияланды және олардың бір бөлігі 03.02.2019 күшіне енеді.
Атап өткендей, өзгерістер Азаматтық процессуалдық кодексіне жəне «Нотариат туралы» Заңға енгізілді. Заң нормалары сот жүктемесін санкция бойынша едәуір жеңілдетпек. Осылайша сот құзыретіне 18 санкцияның 2-і қалмақ, олар «сотқа жеткізу» жəне «шығуға тыйым салу» санкциялары.
Банк шоттарына тыйым салу және банк құпиясын құрайтын ақпаратты сұрату прокуратураға тапсырылады. Бұл өзгерістер жарықтандырылған күннен 3 ай өткен соң өз күшіне енеді.
Сонымен қатар, 18 өндірістік бұйрық талаптың 9-ы даусыз талаптар бойынша атқарушылық жазбаларын жасайтын нотариустарға берілді.
12 жеңілдетілген өндіріс санатының 2-уі қалып, 10-ы бұйрық өндірісіне берілді.
Кездесу барысында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Мемлекет басшысы 21.01.2019 жылы қол қойған Заң «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»