8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қаңтар 2019 3445 0
Жалын

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN»: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

 Оралда  техникалық және кәсіпті  к білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлері арасында іс-тәжірибе алмасу семинары өтті.

Семинардың мақсаты – жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру, дәрежесін көтеру, халықаралық стандарттар негізінде жоғары технологиялық салаларды кадрлық қамтамасыз ету тетіктерін, соның ішінде кәсіби бағдарлау, кадрларды даярлау және еңбек өнімділігін арттыру тіректерін қалыптастыру, World Skills Kazakhstan чемпионатының ұйымдастырылуы мен оған қатысушыларды дайындау барысындағы өзекті мәселелерді зерделеу және өзара тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинар барысында «WorldSkills Kazakhstan» қозғалысының дамуы: бүгіні, ертеңі», «ТжКББ ұйымдарының оқу үдерісіне, «Кәсіптік білім берудің сапасын жоғарылатуда WorldSkills қозғалысының әсері», «WorldSkills Kazakhstan – 2018 Ұлттық чемпионатының ұйымдастырылу барысы», «World Skills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері», «World Skills Kazakhstan аймақтық чемпионаттарын өткізу мен ұйымдастыру бойынша Орал политехникалық коледжінің іс – тәжірибесі» тақырыптарында баяндамалар оқылып, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар  2018 жылғы 1-7 желтоқсан Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan»  Республикалық чемпионатының қатысушыларымен  брифинг, түрлі психологиялық тренингтер оздырылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»