Венада қазақстандық бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша жобасы таныстырылды
28 қыркүйекте Австрия елордасында қазақстандық-австриялық экономикалық форумының алаңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қазақстандық бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша жобасы таныстырылды.

«Қазақстан бизнесті жеңіл жүргізу үшін барлық жағдайларды жасады. Шетелдік инвесторлар кеңесі тиімді жұмыс істейді. «Астана» Халықаралық қаржы орталығы құрылды, онда ағылшын заңдарының принциптері бойынша тәуелсіз қаржылық сот жұмыс істейді.
Біз ЭЫДҰ Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болдық және инвестицияларды қорғау туралы 50-ге жуық келісім-шартқа қол қойдық. 62 ел үшін визасыз режим енгіздік.
Инвестицияларды тартуды күшейтуге бағытталған осы үрдісті жалғастыруда Агенттік адал бизнесті қорғауға негізделген «Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы сүйемелдеу» жобасын іске қосты. Яғни, инвесторларды теріс пиғылды шенеуніктердің тарапынан орын алатын кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтан 100% қорғау.
Тек 3 айда, біз бағасы 12 млрд. евродан астам 140 бизнес-жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алдық», – деп атап өтті Алик Шпекбаев.
Бұдан басқа, Агенттік төрағасымен лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуын болдырмау жөніндегі жұмыстың күшейтілгені атап өтілді.
«Қазақстан бизнесті тиімді жүргізу үшін шығындарды азайтуға көп көңіл бөледі, бұған ағымдағы жылы мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларының 30%-ға қысқартылғандығы дәлел», – деді спикер.
Австрияға іссапар барысында А. Шпекбаев Австрияның Мемлекеттік қызмет және спорт министрлігінің Бас хатшысы
Р. Вайнертпен және Мемлекеттік басқару академиясының директоры К. Хартманнмен екі жақты кездесулер өткізді.
МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу