8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Маусым 2019 2153 0
Қоғам

ТІЛСІЗ ЖАУДАН ҚАУІП ТӨНБЕСІН

 Бүгін қалалық әкімдікте төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті. Шаһар басшысы Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен өткен отырыста өрт қауіпті маусымына дайындық барысы, суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары, балалар атракциондарының қауіпсіздігі (батут), оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қаралды.

Тілсіз жаудың уақыт пен орын таңдамайтыны белгілі. Ойда-жоқта тұтанатын өрт атаулыдан сақ болғанымыз абзал. Осы орайда Орал қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Амангелді Ешмұхановтың айтуынша,   өрт қауіпті маусымы басталғалы 131  өрт оқиғасы тіркелген. Биыл 1239 шақырымдық өртке қарсы минералды жолаққа күтім жасау жоспарланыпты. Бүгінгі таңда соның 413 шақырымы орындалған. Құзырлы мекеме мамандары алты өрт сөндіруші жауынгерлер командасын жинап, оларға оқу-жаттығулар жүргізуде. Қазір суда құтқару қызметінің мамандары қала маңындағы барлық жағажайларда күндіз-түні күшейтілген кезекшіліктерін атқаруға кірісті. Мерекелік, демалыс күндерде де арнайы кестеге сай кезекшілік құрылған.  Төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты барлық іс-шараларға әзірлік тыңғылықты, техника жағы жеткілікті. Облыс әкімінің өткен жылғы қаулысына сәйкес, қала бойынша жағажай орнатуға бес орын белгіленген. Бірақ, әзірге соның екеуі ғана тіркелген, олар «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде, қалалық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан жағажайлар. Қалған үшеуін нақты қолданушылардың атына тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Коминтерн аумағындағы жабайы жағажайды қолданысқа алатын мекеме бар, қазір ұйымдастыру жұмыстары жасалуда. Суға түсу маусымы басталғалы бір жасөспірім Елизарев көшесіне жақын маңдағы Жайық өзеніне батып кеткен. Өткен жылдың осы кезеңінде жабайы жағажайды жағалаған бес адамның ажалы судан келген. Сондықтан төтеншеліктер рұқсат етілмеген жерлерге суға түсуге болмайтынын айтып дабыл қағуда.

Жиынның күн тәртібінде қаралған келесі мәселе – балалар атракциондарының қауіпсіздігі. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Исатай Жазықбаевтың мәлімдеуінше,  қазіргі шаһардағы бей-берекет орналасқан батуттарға байланысты құзырлы мекемелермен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Жаз шығысымен қала көшелерінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай батуттардың қаптап кетуі жыл сайын қайталанатын жағдай. Дегенмен, байқамаса батуттан да үлкен қауіп бар екенін қала тұрғындары көп жағдайда ескере бермейді. Бұған күні кеше Қарағанды қаласындағы бір оқиғаның өзін мысалға алсақ жеткілікті. «Сондықтан, бізге де арқаны кеңге салуға болмайды. Бүгінгі таңда қала көшелеріндегі қауіпсіздік талаптары сақталмаған бес батуттың жұмысын тоқтату көзделуде. Осы орайда мамандар ұдайы тексеру жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілген жерлерде орнатылған 12 батутты  бақылауда ұстап отыр» дейді жауапты сала басшысы.

Бұдан соң қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаев оқушылардың сауықтыру лагерлеріндегі қауіпсіз демалысы туралы баяндады. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, биыл мектеп оқушыларының 88 пайызы жазғы демалыс шараларына тартылған. 1500 оқушы «Атамекен» лагерінде, 600 жеткіншек шатырлы лагерьлерде тынығады деп жоспарланған. Бірінші кезекте, әрине, олардың жазғы демалыстарының қауіпсіз өтуіне көңіл бөлінеді. Қала педагогтары оқу жылы бойы өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жұмысын жүргізсе, жаз мезгілінде балаларды демалыс және бос уақытын қамту бойынша да шараларды ұйымдастыруда. Барлық қала мектептерінде ағымдағы жылы 25 мамыр күні соңғы қоңырау салтанатынан кейін «Жазғы демалысты ұйымдастыру және қауіпсіздік шаралар» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, нұсқаулық жасалып, жадынамалар үлестірілген. Жиналыс барысында үш ай жазда балалары қайда демалып, бос уақытын өткізетіні анықталған. Сондай-ақ Оқушылар сарайы, «Атамекен» лагері, судан құтқару станциясында базалық жүзу дағдыларына үйрету жұмыстары жалғасуда. Мектеп әкімшіліктері мен мектеп инспекторлары үнемі кезекшілік ұйымдастырады.

– Тұрғындар мен балалардың қауіпсіздігі маңызды. Дала, орман өрттерінен сақтануымыз керек. Сол себепті қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тәулік бойына кезекшілік қойылды. Жалпы әрбір жауапты қызметкер өздеріне бекітілген аумақтың қауіпсіздігін қалт жібермей, қадағалауы тиіс, – деп комиссия отырысын қорытындылаған қала әкімі Мұрат Рахметұлы заңсыз батуттардың жұмысына тосқауыл қоюға басымдық берді. Сондай-ақ «сақтықта қорлық жоқ» екенін жауапты сала мамандарының қаперіне салып, балалар лагерьлерінде суда жүзу бойынша нұсқаушылардың болуы, бассейндердің тазалығы, жедел жәрдем қызметімен қамтылуы сынды жайттарға назар аударды.

       

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»