ТИІСТІ ҚҰЖАТТАРСЫЗ БАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
«Бекіре – 2019» іс-шарасы аясында батысқазақстандық полиция қызметкерлері бір күн ішінде тиісті құжаттарсыз балық тасымалдаудың үш фактісін анықтады.

11 сәуір күні таңғы сағат 6.00 шамасында «Атырау-Орал» автожолының «Көшім» бекетінен «Seat Alhambra» маркілі автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде көліктен 512 келі балық табылған. Көлік тізгініндегі 1992 жылғы Ақжайық ауданы тұрғынының бұл балықтарға ешқандай ілеспе құжаттары болмаған.
Сағат 11.05 шамасында «Орал-Подстепный» автожолының «Рубеж» стационарлық бекетінде полиция қызметкерлері «Газель» көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік жүргізушісі 1964 жылғы теректілік азаматтың 2 тонна балықты ілеспе құжаттарсыз алып бара жатқаны белгілі болды.
Дәл осы күні сағат 14.25-те «Барбастау-Индер» бағытындағы автокөлік жолының Теректі ауданына қарасты Шағатай ауылы тұсында «Фольксваген Шаран» автокөлігі тоқтатылған. Көліктен ілеспе құжаттарсыз 16 қап, яғни 800 келі әр түрлі балық табылды. Көлікте болған 1192 және 1986 жылғы Ақжайық ауданының екі азаматы ұсталды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 196-бабы 1-тармағымен (Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Атап өту керек, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Жайық-Каспий бассейні аумағында заңсыз балық аулау мен оларды сатудың және заңсыз тасмалдаудың жолы кесу мақсатында «Бекіре-2019» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Шара 31 мамырға дейін жалғасады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу