ТЕМІР ЖОЛ БИЛЕТТЕРІН САТУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІ
Темір жол саласында жемқорлықты жою мақсатында билеттерді сату жүйесіне өзгерістер енгізіледі. Осыған байланысты билет сататын барлық кассада жан-жақты тексерістер жүргізілмек. Бұл туралы Ұлттық бюродағы «Адал жол» жобалық кеңсесінің жетекшісі Исламбек Майшекин мәлімдеді.
«Темір жол саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейту мақсатында агенттіктік пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері бар жұмыс тобы құрылды», – деді Исламбек Майшекин.
Оның сөзінше, жұмыс тобы заңнамалық, кадрлық, институционалдық және ұйымдастыру-бақылау шаралары, бизнес-процестерді қайта инженерлеру және оларды автоматтандыру, ақпараттарды жедел тасымалдау, темір жол тасымалын ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру бойынша Жол картасын әзірлеген. Темір жол тасымалы бойынша жасалған Жол картасы жолаушылар және жүк тасымалында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.
Сондай-ақ, алдағы уақытта билеттерлі қолма қол сатып алудың орнына электрондық билеттердің көптеп сатылуына қатысты бірқатар шаруа атқарылатын болады. Яғни азаматтарға билетті жылдам әрі тез алуға мүмкіндік беретін жаңа мобильдік қосымшалар құрастырылып шығарылмақ.

https://baq.kz/news/othernews/temir-zhol-biletterin-satu/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу