Телефоныңызды ешкімге бермеңіз!
Бүгінде алаяқ адамдар қоғамда өте көп. Олардың зардабын тартып жүргендер де аз емес. Осыған орай, ақпанның алғашқы онкүндігінде республика көлемінде «Anti-fraund» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп, бірнеше қылмыстар ашылды.
Жуырда 1997ж. туылған «М» есімді азамат сауда үйіндегі бутикте жасайтын танысын көріп, сөйлесе кетеді. Сосын «қоңырау шаламын» деп оның ұялы телефонын сұрап алады. Біреумен сөйлесіп жүргендей болып сәл тасалау жерге барып, әлгі жәбірленушінің телефонындағы «Каспий kz» қосымшасы арқылы 700 мың теңге көлемінде несие толтырады. Мұнымен қоймай, одан әрі танысының бұған ақша аударып жібергенін айтып, банкомат шартына сәйкес бетін сәйкестендіре отырып, банкоматтан ақша
шығарып беруге көмек сұрайды. Айлакердің құйтырқы әрекетінен мүлдем хабарсыз болған жәбірленуші әйел барлық айтқанын жасап, оған көмектеседі. Сөйтіп, арада екі ай өткен соң ай сайын төлейтін сомасы келген уақытта ғана алданғанын біліп, Абай полиция бөліміне арыз түсіреді. Полиция қызметкерлері осы арыз бойынша тексеру жұмыстарын жүргізеді. Алаяқтың бұрын да осыған ұқсас қылмыстармен есепте болғанын анықтайды. Бұл айлакерге қатысты екі эпизод тіркелген. Біріншісі, осы танысының телефонын уақытша пайдалануға сұрап алып, жоқ болып кеткені. Екіншісі, қымбат телефонынан айрылып қалған жәбірленушінің де полицияға жүгінуі. Қазір осы аталған фактілерге қатысты, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
БҚО ПД баспасөз қызметі.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу