8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Тамыз 2026 214 0
Заң және тәртіп

Татуласу жауаптылықтан қайталап босатпайды

Бас прокуратура тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сот шешіміне наразылық білдірді.

Ер адам жұбайының денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Кейін онымен татуласуына байланысты ол қылмыстық жауаптылықтан босатылған. Алайда ол тиісті қорытынды жасамай, араға көп уақыт салмай қайтадан әйеліне қол көтерген.

Екінші рет те олардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Прокуратура мұнымен келіспеді. Кассациялық наразылық бойынша сот актісі жойылып, іс оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жаңа сот қарауына жіберілді.

Бұл жалғыз жағдай емес. Бас прокуратура тарапынан бұрын татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдардың дәл сол негізде қайтадан жауаптылықтан босатылған тағы үш сот актісіне наразылық келтірілді.

Осы жерде, тәжірибе көрсетіп отырғандай, көпшілік біле бермейтін маңызды мәселеге назар аударамыз.

2024 жылдан бастап Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылық едәуір күшейтілді. Ұрып-соғу және қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру әкімшілік жауаптылықтан қылмыстық жауаптылық саласына ауыстырылды.

Енді заң мұндай жолмен қайтадан жауаптылықтан құтылуға мүмкіндік бермейді.

Заң қорғауды қажет ететін адамды қорғауы тиіс. Прокуратура оның бұлжымай орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
78 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
128 0
Құттықтаймыз!
19 қазан – Құтқарушылар күні!
19 Қазан 2026
166 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»