8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Наурыз 2019 1904 0
Өзек

ТАСҚЫНҒА ТОСҚАУЫЛ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Биыл өңірде қар мол түскені мәлім. Сондықтан көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары шаһарда ертерек басталды. 

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қыс бойы «Жайық таза қала» ЖШС қызметкерлері тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасап, 1 млн. текше метр ұлпаны қала сыртына шығарды. Оған еріктілер, сарбаздар да жұмылдырылды. 5 арнайы қар шығаратын полигон қарға толтырылса, 2 полигонның толуы жақын. Дегенмен, табиғаттың «сыйы» наурыз басталса да, толастар емес. Соңғы күндері 1,5 шамада жауын-шашын түскен.  Бұл – ай жарымдық шамамен бірдей.
Ал 10 наурыздан бастап ауа райының жылынуына байланысты кейбір көшелерде еріген қар суы жиналуда. Осы ретте қала әкімдігі арнайы техникаларды көбейтті. Ірі кәсіпорындар мен құрылыс компаниялары да техникаларын жұмылдырғанын атап өту керек. Қазіргі уақытта шаһар аумағында 350 техника, 50 су сору құрылғысы жұмыс жасауда. Бүгінге дейін 10 мың текше метр су сорылды. Әсіресе, қоғамдық көліктер жүретін көше жолдары мен су басу қаупі бар аумақтар ерекше назарда.
Тасқынға тосқауыл жұмыстары қауіп сейілгенге дейін жалғасатын болады. Бұл жұмыстар қала басшысы М.Мұқаевтың жеке бақылауында.

Сондай-ақ, қала әкімдігі  жауған қарды тазалауға кедергі келтірмеу үшін жүргізушілердің  жеке автокөліктерін көше бойына қалдырмауды  сұрайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»