Табысты кәсіпкерлер марапатталды
Бүгін, желтоқсанның 22-сі күні «Атамекен» өнер ордасында «Парыз-2023» облыстық байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне баса мән бере отырып, оған қолдау көрсетудің бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Елімізде кәсіпкерлік жыл өткен сайын қарқын алып, бизнесті өркендету үшін нақты іс-шаралар қабылдап жатқаны белгілі. Облысымызда кәсіпкерліктің дамуына барынша қолайлы жағдай жасалуда. Мәселен, шағын және орта бизнесті дамытуға биыл өңірімізде 21,6 млрд теңге бөлінді, 3 мыңнан астам жобаларға қолдау көрсетілді, – деген өңір басшысы «Парыз-2023»,«Алтын сапа»,«Қазақтанның үздік тауары»,«Іскер»,«Проектный менеджмент» өңірлік байқауының лауреаттарын марапаттады.
Сондай-ақ «Үздік азық-түлік» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпазы атанған «Балзия» ЖШС директоры Балзия Евенееваны құттықтады. Сонымен қатар, бірнеше бизнес өкілдері «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»,«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»,«Үздік ұжымдық шарт»,«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясын иеленді.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Бұл мақала туралы «Жайық үні» газетінің 2023 жылғы соңғы 52 нөмерінен оқи аласыздар.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру