ТАҒЫ ДА ТЕЛЕФОН ҰРЛАНДЫ
Оралда телефон ұрлығы тыйылмай тұр. Орал қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша кезекті ұрлық «Омега» зауыты ауданында орын алған.

Кешкі сағат 20.00 шамасында «102» пультіне әйел адам хабарласып, әп-сәтте тоналғанын, ұялы телефонынан айырылып қалғанын айтады. Кісі тонау фактісі «Омега» зауыты ауданындағы Есенжанов көшесі №13 мекен-жайы төңірегінде орын алған. Рацияға түскен дабылды сол ауданда қызметте жүрген №13 учаскелік полиция пунктінің инспекторы полиция аға лейтенанты Айдар Бисенғалиев қабылдайды.
Захаров көшесіне қарай жүріп, абыр-сабыр күйге түскен шағымданушы азаматша ұялы телефонын күштеп тартып алған ер адамның үстіндегі киген киімдерін, түр-тұлғасын полиция қызметкеріне баяндайды. Осы сұлба бойынша адам тонаған жігіттің ізімен ілескен полиция аға лейтенанты Айдар Жетпісұлы Захаров көшесіндегі №27 көп қабатты жәйлі пәтерлі үйдің маңынан күдіктіні ұстады. Оқиға орнынан күдіктінің ұсталғанын басшылыққа баяндаған сәтте Орал қ.ПБ-ның жедел-тергеу тобы да келген болатын. Полиция аға лейтенанты күдіктінің қолынан ұялы телефонды тартып алып, облыстық наркологиялық диспансерге жеткізді. Дәрігерлік тексерістен өткізгенде оның есірткіге масаң күйде болғаны анықталды.
Сонымен қатар тексеріс барысында 1996 жылы туылған бұл азаматтың бұрын сотталмағаны, отбасын құрғаны, Орал қаласының тұрғыны екені, еш жерде жұмыс жасамайтыны мәлім болды. Құны 70 мың теңгені құрайтын «Хуавей» маркалы ұялы телефон өз иесіне қайтарылды. Ұрлықшыдан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алынып, тонау фактісіне қатысты тергеу амалдарын жүргізуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу