Тәуелсіздік тарихшылар көзімен
Бүгін, 13 желтоқсан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік тағылымы: келешек көкжиегі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жиынның тізгінін М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаева ұстады. Алғы сөз университеттің Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география ғылымдарының кандидаты, профессор Қажымұрат Ахмеденовке берілді. – Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік – бабалар аманаты, баға жетпес байлығымыз. Бұл күн – боздақтар рухына тағзым күні. Азаттық үшін арпалысқан батырларды ешқашан ұмытпаймыз. Бүгінгі конференцияға еліміздің әр аймағынан қатысып отыр. Көпке өнеге берер жиын боларына сенімдімін, – деді Қажымұрат Мақсотұлы.
М.Өтемісов атындағы БҚУ аға оқытушысы, PhD доктор Назгүл Сабырғалиева «Бөкей Ордасындағы ислам және ахун Жабир Хамадовтың қызметі», БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Ахмедияр Батырханов «Соғыс тұтқындары – соғыс құрбандары», Орал қалалық №41 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Орынгүл Жұмағалиева «Тәуелсіздік – қастерлі құндылығымыз», М.Өтемісов атындағы БҚУ Тарих БББ 2-курс магистранты Гүлшат Жолахова «Азаттық оңай келген жоқ: 1991 жылғы Орал оқиғасы» тақырыптарында баяндама оқыды.
Сондай-ақ конференцияға онлайн түрде қатысқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Лесқали Бердіғожин «Азаттық күрес сардары, батыр Исатай Тайманұлы», академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Гүлмира Уалиева «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік», Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, магистр Айдана Дузбасова «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты» тақырыптарында сөз қозғады.
Жиынға студенттер мен магистранттар қатысып, пікірлерін айтып, сауалдарына жауап алды.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру