8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Желтоқсан 2023 5972 0
Дені сау ұлт

Тәуелсіздік күніне орай медициналық нысан ашылды

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет қаулысымен өткен жылдың соңында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық  жоба аясында 2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысан салу жоспарланған. Бүгінде биылға жоспарланған 12 нысанның бесеуі халық игілігіне берілді.

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Теректі ауданына қарасты Сарыөмір ауылында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысуымен 6-шы нысан есік ашты. Бұл нысанды салуға республикалық бюджеттен 374 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Құрылыс мерзімі төрт ай болса да, “Фирма ИСКОМ” ЖШС мердігер компаниясы белгіленген мерзімнен ерте аяқтады.

Аталған дәрігерлік амбулатория күніне 35 адам қабылдай алады, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған, ауыл тұрғындар арасында 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Дәргерлік амбулатория емдеу-профилактикалық объектісі болып саналады, ішінде жалпы дәрігерлікпрофилактилық дәрігер кабинеті, процедуралық, физиотерапевттік, тіс емдейтін кабинеттер, акушер-гинеколог кабинеті, зертханалар мен дәріхана, сонымен қатар, дені сау баланың кабинеті  және тағы да басқа қарастырылған.

Жалпы биыл облысымызда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 92 млрд. теңге қарастырылды. Осы жылы 5,5 млрд. теңгеге медициналық жабдық сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 204 бірлік медициналық жабдық алынды. Сондай-ақ, облыста  медициналық ұйымдарға жергілікті бюджет есебінен   1,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 81 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды.

Жалпы сомасы 1 млрд, 733 млн теңгеге жуық қаржыға   22 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 6 нысан бар. 18 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.

Өңір басшысы ауыл түрғындарын ел дамуына, ұлтымыздың денсаулығы зор болуына, өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа нысанның ашылуымен  және келе жатқан Тәуелсіз күнімен құттықтай отырып, тарихи маныздылығына тоқтап, елімізге береке-бірлік, әр отбасыларына амандық тіледі.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»