8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2019 1553 0
Қоғам

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ІСІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯДА ҚАРАЛДЫ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте Агенттіктің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Мадина Наурызбек Әдеп жөніндегі комиссия қызметінің жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берді.

2018 жылы Әдеп жөніндегі Комиссияның 5 отырысы, 2019 жылы 1 отырысы өткізіліп, онда 18 мәселе қаралған. Оның ішінде, тәртіптік істер – 12, әдеп жөніндегі уәкіл қызметі туралы – 4 және тәртіптік комиссиялар қызметі – 2. Әдеп кодексін бұзғаны үшін 4 қызметшіге – ескерту, 3 қызметшіге – қатаң сөгіс жарияланды, 1 қызметші атқаратын лауазымынан босатылды.

Мысалы, Парламент Сенаты Аппаратының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің меңгерушісі Е. бағынысты қызметкерлерге қатысты дөрекі және әдепсіз мінез-құлқында, ұжымда қолайсыз моральдық-психологиялық ахуал туғызғаны, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқаны, Заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.

Тағы бір тәртіптік іс Әділет министрліктің қызметкерлеріне қатысты қозғалды. Нәтижесінде, И. және М. есімді мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 68-тармағындағы «тәртіптік комиссияның қызметіне қандайда бір араласуға жол берілмейді» делінген  талабын бұзғаны үшін Министрліктің тәртіптік комиссиясы отырысының барысына заңсыз араласқаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 29 қаңтары күні Комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының орынбасары О.-ға қатысты тәртіптік іс қаралды. Атап өту қажет, Агенттіктің қызметтік тексеру жүргізуіне Мәдениет және спорт министрлігінің материалдары және полиция органының О.-ға қатысты толтырылған әкімшілік хаттамасы негіз болды.

Қызметтік тексеру қорытындысымен О. әрекеттерінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болуымен көрінген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің бұзушылықтары анықталған. Нәтижесінде комиссия Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Төрағасының орынбасары О.-ға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Айтап өту жөн, Комиссияның құрамына орталық мемлекеттік органдарының өкілдері, соның ішінде, құқық қорғау органдарының мүшелері, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»