ТҮЛЕКТЕР НАЗАРЫНА! ПОЛИЦЕЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ…
Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына 2019/2020 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын жариялайды.

Оқуға жалпы орта, орта-техникалық немесе арнайы кәсіптік білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай келетін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды жастарды шақырамыз. Жасөспірімдердің бойы – 170 см.-ден, қыздардың бойы – 160 см.-ден төмен болмауы тиіс.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына 4 жылдық оқу мерзімі бойынша Қарағанды академиясы жатады. Бітірушілер арнайы «Құқық қорғау қызметі» мамандығын алып шығады:
Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы:
- ІІО сотқа дейінгі тергеу,
- ІІО жедел-криминалистикалық қызметі.
Оқуға түсу үшін таңдаулы пәндер: «Дүниежүзі тарихы» және «Адам. Қоғам. Құқық». ІІМ ЖОО түсуге конкурсқа қатысу үшін ҰБТ немесе КТА-дан 50 балдан кем жинамау керек, соның ішінде әр пән бойынша 5 балдан кем болмауы тиіс, профильді пәндерді қосқанда.
Оқуға түскеннен кейін курсанттардың оқуы, тамақтануы, киім-кешегі және демалыс мезгіліндегі жол ақысы мемлекет атынан толық қамтылады (ақысыз). Оқуды аяқтағаннан кейін бітіруші курсанттар міндетті түрде қызметке алынады және оларға «полиция лейтенанты» атағы беріледі.
Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 1 ақпанынан басталды.
Алғаш рет келушілер өздерімен бірге:
– өзінің жеке куәлігі мен туу туралы куәлігінің тұпнұсқасын және нотариалды расталған көшірмелерін;
– отбасы мүшелерінің әрқайсысына: жеке куәлік және туу туралы куәліктерінің көшімесін;
– 3,5 х 4,5см өлшемді фото – 8 дана, 9 х 12 см өлшемді фото – 1 дана (костюм, галстук).
Анықтама алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
БҚО Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45-үй, 435 – кабинет, тел: 98-42-85. Интернет-ресурсы: http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/zko/ZKO
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу