СУРЕТШІ САРҚҰЛОВҚА «ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Оралдық суретші Аманғали Сарқұлов «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.

Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңес марапат алқасының 2019 жылдың 26 сәуіріндегі №114 бұйрығымен Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының суретшісі Аманғали Сарқұловқа «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметті атағы берілді. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Mádenıet máṅgilik» шарасында Аманғали Мусанұлының кеудесіне төсбелгі тағылып, куәлігі берілді.
Аманғали Сарқұлов ұзақ жылдардан бері облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында қызмет етеді. Кітапхана қабырғасы оның қыл қаламынан туған суреттермен безендірілген. Сондай-ақ Аманғали Мусанұлын жұртшылық заманауи мысалшы, лирик, зиялы әзіл-сықақшы ретінде де таниды. Мысал, ертегі, аңыз жанрларында қалам тербеп жүр. Оның кейіпкерлері – аңдар мен құстар, жәндіктер мен өсімдіктер. Солар арқылы автор адамдардың кейбір қылықтарын әжуалап жеткізеді. 2016 жылы автор мысал жанрындағы «Қорыққан қораз» атты кітабын шығарды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу