8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Наурыз 2019 1942 0
Қоғам

СУДЬЯЛАР БӨБЕКТЕР ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

1 наурыз – Алғыс айту мерекесінде Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары облыстық мамандандырылған «Мейірім» бөбектер үйінде болды. Балғындарға сый-сыяпаттарын тарту етіп, дәрігерлер мен тәрбиешілерге алғыстарын жаудырды.

ҚР Қазақстан Судьялар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалы балалар үйлеріне әркез қол ұшын созып, мерекелерде бүлдіршіндердің шаттыққа бөленуіне ықпал етіп келеді. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген Алғыс айту күнінде де судьялар балғындардың ортасынан табылды.

– Тағдырдың соқпағы сан қилы. Өкінішке орай, дүние есігін ашқаннан бөбектер үйіне тап болып жатқан балалар да бар. Осы балғындар да басқалар секілді қамқорлық, жылылық көріп, балалықтың бал шағын сезініп өсуі керек. Біз осы үрдіске сәл де болса, үлесімізді қоссақ деген ниетпен бүгінгі мерекеде арнайы ат басын тіредік. Осы бүлдіршіндерді мәпелеп, бағып отырған қызметкерлерге, дәрігерлерге алғысымызды білдіреміз, – дейді БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ерталап Есенәлиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты бөбектер үйінде 4 жасқа дейінгі сәбилер тәрбиеленеді. Бас дәрігер Асқар Табылдиевтің айтуынша, мұндағы сәбилердің саны жылдан жылға азайып келеді. Мәселен,1990, 2000 жылдардың басында қалада әрқайсысында 120 сәбиден екі бөбектер үйі болған болса, қазір бір ғана бөбектер үйі бар. Әрі бұл үйде де орындар қысқартылған.

– Тастанды балалардың азаюын еліміздегі әлеуметтік жағдайдың жақсаруымен байланыстыруға болады. Жастар да жауапкершілігін түсініп, бұл мәселеге байыппен қарайтын болды. Екіншіден, баланы асырап алуға ниетті отбасылар көбейіп отыр.  Біздің балаларымыз қонақтардың келгенін жақсы көреді. Күтеді. Олар қоғамда жалғыз емес екенін, мейірім арқылы өмірлерін шаттыққа толтырудың өзі үлкендер үшін бір ғанибет. Осы мерекеде ұдайы бізге көмек көрсетіп жүрген судьяларға алғысымызды білдіреміз, – дейді Асқар Тобаниязұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»