8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2019 2397 0
Өзек

СТУДЕНТТЕР 200 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ПАРА БЕРГЕН

Сауалнамаға қатысқан батысқазақстандық студенттер оқу процесі барысында жемқорлыққа тап болғандарын, өздерінің пара бергендерін жасырмай көрсеткен. 2034 студенттің қатысуымен өткен сауалнама қорытындысын бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің басшысы Болат Исақов мәлім етті. 

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында батысқазақстандық арнайы мониторингтік топ мүшелерінің белсенді қатысуымен жоғары оқу орындары мен колледждердегі жемқорлық деңгейі сауалнама жүргізу арқылы зерделенді. Анонимді түрде өткен сауалнамаға Оралдағы төрт жоғары оқу орны мен 19 колледжден 2034 студент қатысқан.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің 67,4%-ы өздері оқитын оқу орнында жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы біледі. Жекелей алғанда БҚАТУ, БҚМУ және ҚАЗИИТУ студенттерінің 70-тен 80 пайызға дейіні жемқорлыққа қарсы іс-шаралардан хабардар.

– Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да оқушылар және жастар бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Саналы Ұрпақ» фронт-офисі жұмыс жасайды. Дегенмен, Жәңгір хан  атындағы БҚАТУ-дың 7,3% жауап  берушілері мен ҚАЗИИТУ 1,9%-ы пара бергенін көрсеткен. Пара мөлшері 5 мың теңгеге дейінгі сомадан басталып, 200 мың теңгеге дейін жеткен. БҚМУ бойынша пара мөлшері 1000 теңге және бұйым деп көрсетілген,– деді  Болат Исақов.

Барлық ЖОО-на тән жемқорлық жағдайлары – рейтинг, сынақ, емтихан тапсыру кездері, дипломдық жұмысты қорғау, гранттар мен жеңілдіктерді бөлу, диплом «сату», диссертация, жоба қорғау кезінде орын алады. Бұған қоса, ҚАЗИИТУ мен БҚИТУ студенттері жатақханаларда орындарды бөлуде және бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жағдайларын көрсеткен.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж респонденттерінің 16,6 пайызы, Құрманғазы атындағы музыкалық колледжден мен 14,4 пайызы оқуға түсерде, Жоғары техникалық колледж 23 және педагогикалық колледждің 26 пайыз респонденттері оқу процесі барысында жемқорлыққа тап болғанын жасырмаған. Оқуға түсерде музыкалық колледж студенттері 150 мың теңге көлемінде, ал «Еуразия» колледжіне 20 мың теңге пара берілгенін көрсетіп отыр. «Мақсат» медициналық колледжі бойынша химия, дене шынықтыру және отолорингология пәндері жемқорлықпен байланысты делінген.

Болат Әлмұханұлының сөзінше, БҚМУ-дан – 2,3%, БҚИТУ-дан – 8,2%, ал колледждерден 6,7%-ының туындаған мәселелерді шешу үшін өздерінің пара беруге дайын екендігі, жоғары оқу орындарының 15,3 пайызы және колледждердің 27,7 пайыз репонденттері өздері оқитын оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы білмеуі алаңдатарлық. Ең жоғары көрстекіш БҚИТУ-да. Яғни, қамтылған студенттердің 35,2  пайызы университеттегі шаралар туралы хабарсыз. Алынып жатырған шаралардың тиімсіздігін студенттердің 10 пайызы көрсетіп отыр.

Студентердің бірқатары жоғары білім беру жүйесіндегі жемқорлықты жою мүмкін емес деп есептейді. Өзі оқитын оқу орнында жемқорлық жағдайын қалыпты жағдай санайтындар да бар. Жауап берген студенттердің жартысы студенттердің өздері оқығысы келмегендіктен, пара беретінін айтқан.

Сондай-ақ студенттер оқу орындарында жемқорлық деңгейін төмендету үшін оқытушының жалғыз емтихан қабылдауын болдырмай, комиссияның қатысуымен ғана жүргізуді, компьютерлік тестілеу түрінде емтихан қабылдауды және оқытушылардың еңбекақысын ұлғайтуды ұсынған.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»