8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Желтоқсан 2022 6057 0
Жалын

Өскен ауылы депутатқа риза!

Осы кезге дейін Өскен ауылындағы жарық мәселесі көпшілікті алаңдатып келген еді. Енді ол мәселе оң шешімін тапты.Бүгін жолымыз түсіп, облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов, «Energy» фирмасының директоры Асылбек Чекаевпен бірге барып Деркөл ауылдық округіне қарасты Өскен ауылының тұрғындарымен тілдесіп келдік.

Депутат Тұрарбек Тілемісовтың айтуынша, маусым айының басында аталмыш ауылдың тұрғындарының атынан Өскен ауылындағы жарық мәселесіне байланысты подстанция салып беруге көмек сұрап өтініш жазған болатын. Тұрғындар бұған дейін Деркөл ауылдық әкімшілігіне шағымданғанмен де, тұрған жерлері жекенің қарамағында болғандықтан, бізге өтініш білдірген екен. Сол мезеттен бастап, өтініштерін аяқсыз қалдырмау мақсатында екі подстанция салуға 7 млн теңге қаржы берілді. Бүгінде 100 шақты үй жаңадан салынып, қоныстанушылар саны жыл сайын артуда. Әрине, осыған дейінгі бір подстанцияның барлық тұрғындардың жарығын қамтуға әлі келмейтіні анық. Сондықтан да жоғарыда аталған қаржыға 160 киловаттық екі подстанция салуды ұйғардық. Бұл істің басы – қасында 3 ай бойы «Energy» фирмасының директоры Асылбек Чекаев жүріп, құжаттарын жасатып, жерін белгілеп, жуырда екі подстанцияны аяқтап, халықтың қолданысына берді. Ауыл тұрғындары игіліктеріне пайдалансын!

Жасылан ҚАЗМЕДИЯРОВ, ауыл тұрғыны
– Осы уақытқа дейін свет мәселесі сын көтерген жоқ.Үй салушылар саны өте көп. Салып болғаннан кейін көршілеріне тоқ желісін тікелей жалғап, солай амал жасадық. Жаңадан дамып келе жатырған ауыл болғандықтан,әлі де мәселелер бар. Бірақ алдағы уақытта біртіндеп шешіледі деген сенімдемін. Талай істі тындырып жүрген облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісовке алғысым шексіз.Біздің арызымызды жауапсыз қалдырмай, бірден қаражат бөліп, істің алға басуына қолдау танытқаны үшін ауыл тұрғындары атынан ризашылығымызды білдіремін. Депутаты жанашыр, іскер адамдар көп болған сайын ауылдар қашан да дами түсері хақ. Әрбір жанашыр адам Тұрарбектей болса, шіркін!

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
43 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»