ӘСЕЛ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Әсел Ғалиасқарова «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Он жылдан бері аталмыш колледжде ұстаздық етіп жүрген Әсел Нариманқызы білікті де білімді жан. Ізденімпаз ұстаз 2016-2017 оқу жылында колледж оқытушыларының білім деңгейлерін бағалау рейтингінің қорытындысы бойынша I орынды иеленсе, 2016 жылы «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ның штаттан тыс тренері атанды. 2017 жылы «Мәңгілік Ел тірегі – Жастар» жас мамандардың облыстық слетінің «Ұтқыр маман» номинациясының иегері болса, биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтары арасындағы «Әдістемелік идеялар фестивалі» облыстық байқауының жүлдегері атанды. «Үздік педагог» облыстық байқауының жеңімпазы. Әселдің әр жылдардағы еңбегі еленіп, 2013 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасын, 2014 жылы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің алғыс хатын иеленді. 2016 жылы «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ның құрмет грамотасына лайық деп танылды. Өткен жылы Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасын алған. «Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап жүрген» еңбекқор Әсел Нариманқызының әлі де талай белестерді бағындырарына әріптестері де нық сенімді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу