8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2022 2775 0
Қоғам

Саусақ ұшындағы әлем

Жуырда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық универстетінде өтіп жатқан «Кітапхана әлемі» кітапханалық апталығы аясында «Саусақ ұшындағы әлем» тақырыбында библио-travel ұйымдастырды.

Онда кітапхана туралы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, инклюзивті мәдениет қалыптастырудағы кітапханалардың рөлі туралы баяндама жасалды. Сонымен қатар кітапхананың кітап қорын таныстыру мақсатында кітап көрмесі, тифлоқұралдар таныстырылып, Брайль қарпі мен оның жазылу жолы түсіндірілді. Зағип жандарға арналған бұл жазу жүйесінің шығу тарихы, жүйенің негізін қалаушы Луи Брайль туралы фильм де шара қатысушылары назарына ұсынылды. «Өнерде жоқ шекара» әдеби-музыкалық композициясында кітапхананың жас оқырмандары өз өнерлерін ортаға салды. Жастар мүмкіндігі шектелгеніне қарамастан, қаламынан тамаша туындылар төккен ақындар З.Шүкіров, С.Даумов, И.Мартыновтың өлеңдерін оқып, әсем әндер шырқады. Белсенді жас оқырманның бірі, жас ақын А.Қуанышқалиев та өз шығармашылығынан өлеңдерін оқып, тыңдаушыларды тәнті етті. Ал,кітапхананың шебер жас оқырмандары А.Нықан мен Э.Жантурина өз қолдарынан шыққан бұйымдарын таныстырып, қолөнер жайындағы ой-пікірлерін білдірді. «Саусақпен сезін», «Әдеби караоке», «Book-театр-Li» қызықты тренингтері ұйымдастырылды. Шара соңында аталған оқу орынның филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі А.С.Мухамбеткалиев ұйымдастырылған шара үшін кітапханаға алғыс білдіріп, инклюзивті, ашық қоғам құруда кітапханамен бірге серіктестікте жұмыс атқаруға оқу орынның қашан да дайын екендігін жеткізді.

Өз тілшіміз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
31 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
33 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
35 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
94 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
71 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»