Сара Ләтиева, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы: «АЗАМАТТЫҚ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАН АҚЫН»
– Ақындық Алладан берілетін өнер. Сатып қарызға алуға болмайды. Қазақ қызының ақындығы біз білетін тарихта сонау Сара Тастамбекқызынан бері қарай мойындалған. Одан бері қарай жол-жөнекей қилы -қилы жолдар, соқпақтар айтыла береді ғой енді. Өз басым ақындығы мен қатындығы, азаматтығы мен адамдығы, оған қоса ақ апа, ақ жеңге, ақ әже деген құрметті лауазымдары бар ақынды көргенім осы. Біздің тәуелсіз деген заманымызда қилы- қилы қасиеттеріміздің шайқалып қалған кездері бар. Қазақтың ару қыздары ала дорба арқалап жүр деп мәселе көтеріп, сахнадан шындықты айтқан осы Ақұштап. Қазақ қыздарының тәрбиесін жіберіп алдық деп әрбір кеңсеге кіріп, мектептерге барып мәселе көтерген осы Ақұштап. Бұл азаматтық! Ертеңгі күніміз қалай болады, сананы тұрмыс билейді деп айтқызып отырғанда ақындықтың Алладан берілген күші. Дәл осы ойларды жеткізген кезде мұның да тіреп тұрған жағдайы мәз емес болатын. «Жайық тасып жатыр екен, ел қиналып жатыр екен» деп Астанадан ұшып келетін осы Ақұштап. Ақын қыз келді екен деп Жайық сабасына түсе қоймайтын шығар. Азаматтық жүгін арқалаумен жүр. Құжаты дұрыс емес екен деп қарапайым қазақ шаңырағының мәселесін прокуратураға дейін алып барып жүретін де осы Ақұштап. Осындай елдің мәселесін, қоғамның жүгін көтеріп-көтеріп, сосын үйіне келіп Ғабақаңның басын қатырып неге бардым деп отырады. Алладан берген ақындық және табиғаттан берілген талантты қайтадан жасай алмайды. Өзі айтқандай махаббат, бала-шаға деген тақырыпта жазып, сонымен бірге адам сияқты ғашық бола алатын, ана сияқты мейірлене алатын, әйел сияқты жылай алатын және қызғана білетін, қызыға білетін елінің жағдайымен санасып, соған қарай өмір сүре білетін ақын апамыз Ақұштап. Қаламқастай ененің батасын алған, Ақзиладай ананың ризашылығын алған қызы – келіні қазір Атырау мен Оралдың ортасын күрежолға айналдырған апаларың. Тек қана ақын емес, тек қана әйел емес, қазақтың таңқалдыратын, қайран қалдыратын қыздарының бірі. Ақұштаптай ақынның салмағын көтеріп жүрген, қыздарының анасын аялап отырған менің ғана емес, барша қаламгер қыздардың ақ жездесіне айналған Ғабдірахым Маралұлына деген алғысым шексіз.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу