8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2025 1273 0
Мәдениет

Сахнаға арманы жетелеген Алина

Музыка әлеміне қадам басу әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл – тек дарын ғана емес, табандылық пен ішкі сенімді талап ететін соқпақты жол. Өңіріміздегі кішкентай ғана ауылдан шыққан Алина Герц ешқандай музыкалық білімсіз-ақ үлкен сахнаға жол тауып, өз есімін таныта алды. Музыкаға деген құштарлық, еңбекқорлық және адалдық оны көпшіліктің сүйікті орындаушысына айналдырды. Бұл мақалада  оралдық әнші Алинаның шығармашылық жолы, кәсіби дамуы мен өмірлік ұстанымдары туралы әңгімелейміз.


Алина Абаевна 1995 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы
Шағатай ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті тәмамдады. Музыкаға қызығушылығы 2014 жылдан басталды – ол кезде «DDRECORDS» студиясында әнші RaiM-пен бірге әндер жаза бастады. 2015 жылы Жаһанша Досмұхамедов атындағы колледжді «Информатика және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.
2016 жылы (Алина Герц деген лақап атпен) алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды – Данияр Рахметжановпен бірге «07-аймақ» әніне және RaiM-пен бірге «Ғалам» әніне клип түсірді. 2017 жылдан 2018 жылға дейін Батыс Қазақстан телерадио хабар тарату дирекциясында, сондай-ақ «Aqjaiyq» телеарнасында жаңалықтар аудармашы-редакторы қызметін атқарды.
Қазіргі уақытта «DDRECORDS» ұжымының ресмирезиденті.

Ата-анасы қолдай қоймаған

Алинаның ата-анасы – қарапайым жұмысшылар. Музыкамен өмірін байланыстыруды армандамағанымен, ол ән-күйге қызығушылық танытып, жиі музыкамен айналысатын. Алинаны басқалардан ерекшелендіретіні – ол өздігінен музыканың қыр-сырын үйренген: ноталық сауаттың негіздерін музыкалық мектепке бармай-ақ меңгерген. Музыкаға қызығушылығы болғанымен, ата-анасы бұл істе оны қолдай қоймаған.

Алина мектепте жақсы оқыды, бірақ болашағын музыкамен байланысты елестете алмады. Аттестат алған соң, колледжге түсіп, информатика мен ағылшын тілі пәндерінің мұғалімі мамандығын меңгере бастады. Музыкаға деген қызығушылығын тастамады. 2014 жылы, колледжді бітіруге жақын уақытта, музыкаға деген махаббаты жаңа деңгейге көтерілді. Алғашқы тректерін рэп-орындаушы RaiM-нің көмегімен жазды. Олар бала кезден таныс болатын – бір ауылда көрші тұрған. Ұзақ уақыт бойы тіл табыса алмай, көшеде кездесуден қашқақтап жүрген. Алайда мектеп бітіруге жақын араласып, болашақтағы шығармашылық жолдарын біргеталқылай бастады.

2015 жылы ол қалаған мамандығын бітіріп шықты, бірақ студиядағы жұмыс оны қатты қызықтырып әкетті, сондықтан өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі екіталай екенін түсінді.

2016 жылы Данияр Рахметжанов Алина Герцпен бірге оның трегін орындауға қатысып, «07-аймақ» бейнебаянының түсіріліміне де атсалысты. Осы кезеңде RaiM өзінің «Ғалам» атты трегін жарыққа шығарады, ал клипті түсіруде әншінің де үлесі болған. «DDRecords» студиясының негізін қалаушыДанияр Рахметжанов: Мен алғаш бастаған кезде бір арманым болды: өз қаламызда продюсерлік орталық ашу. Қазір «DDRecords» Қазақстандағы ең танымал лейблдердің бірі. Біз жас орындаушыларды қолдап, олардың шығармашылығын ілгерілетіп келеміз. Мұның бәріне өзіміздің қаламызда қол жеткізгенімізді мақтан етемін. Оралды дамытуымыз керек, мәдениетімізді ілгерілетіп, жас музыканттарға дәл осы жерде дамуға мүмкіндік беру басты мақсаттарымыздың бірі. Мен 2010 жылдан 2017 жылға дейін «Орал сазы» ансамблінде ойнадым. Ал 2018 жылдан бастап продюсерлік бағытқа белсенді кірістім. Бұл толық зейін мен уақытты талап ететін сала. Сол себепті жұмыстан кетіп, бар назарымды студияға аударуды шештім, – дейді «Fresh city» журналына берген сұқбатында.

Уақыт өте келе Алинаның өз тыңдармандары пайда бола бастады. Алайда ол музыка арқылы мансап құруға байыппен қарамаған еді. Себебі бұл іспен табыс табу мүмкін болмады, ол үшін бұл тек жан қалауымен айналысатын іс болды. Алайда танымалдылығының артуы жағдайды өзгертті.

Сүйікті ісіне ден қойды

Музыкалық шығармашылық Алина Герцке ерекше ләззат сыйлады, алайда өмір сүру үшін ақша қажет болды. Музыка табыс әкелмейтін. Сондықтан Алинаға радио мен теледидарда жұмыс істеуге тура келді. Негізгі мамандығы бойынша ол ағылшын тілін жақсы меңгерген және жаңалықтар редакторы немесе аудармашы ретінде жұмыс істей алатын.

Қазіргі таңда танымал орындаушы сүйікті ісіне толықтай ден қою мүмкіндігіне ие болды. Әнші музыкалық мансабын қалыптастырып келеді.  Оның танымалдығы күннен күнге артып келеді. Оның қазіргі таңда «07 аймақ», «Жаз», «Oh My Love cover», «Disco», «Жасыл қала», «Екінші дем», «Baila», «Ең бай адам» секілді әндері бар. Жақында «Amor» атты әні жарық көрді.

Дайындаған Дәметкен САҒЫНБАЕВА

(толығырақ “Жайық үні” газетінің №30 санынан оқи аласыздар)

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»