8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2018 3539 0
Қалалықтар қаперіне

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

  Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына 2018/2019 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын жариялайды.

Оқуға жалпы орта, орта-техникалық немесе арнайы кәсіптік білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай келетін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды жастарды шақырамыз. Жасөспірімдердің бойы – 170 см.-ден, қыздардың бойы – 160 см.-ден төмен болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына 4 жылдық оқу мерзімі бойынша Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары  және Актөбе заң институты жатады.

Бітірушілер  мына арнайы  мамандықтар бойынша «Құқық қорғау қызметі» мамандығын алып шығады:

Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясы:

  • ІІО сотқа дейінгі тергеу
  • ІІО жедел-криминалистикалық қызметі

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы:

  • ІІО жедел-іздестіру қызметі
  • ақпараттық жүйе
  • радиотехника, электроника және телекоммуникация

Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясы:

  • ІІО әкімшілік-құқықтану қызметі

 Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң иституты:

  • ІІО әкімшілік-құқықтану қызметі
  • ІІО әкімшілік-құқықтану қызметі (2 жылдық жоғары білімі заңгерлік болып табылмайтын тұлғаларға арналған).

Оқуға түсу үшін таңдаулы пәндер: «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық». Техникалық факультетке түсу үшін «Физика», «Математика» пәндері. ІІМ ЖОО түсуге конкурсқа қатысу үшін ҰБТ немесе КТА-дан 50 балдан кем жинамау керек, соның ішінде әр пән бойынша 5 балдан кем болмауы тиіс (профильді пәндерді қосқанда).

Сонымен қатар, 2 жылдық оқу мерзімі бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң  институтына жоғары заңгерлік емес мамандығы бар 35 жасқа толмаған тұлғаларды оқуға қабылдаймыз.

Курсанттардың оқуы, тамақтануы, киім-кешегі және демалыс мезгіліндегі жол ақысы мемлекет атынан толық қамтылады (ақысыз). Оқуды аяқтағаннан кейін бітіруші курсанттар  міндетті түрде қызметке алынады және оларға «полиция лейтенанты»  атағы беріледі.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталады.

Алғаш  рет  келушілер өздерімен бірге:

– өзінің жеке куәлігі мен туу туралы куәлігінің тұпнұсқасын және нотариалды расталған көшірмелерін;

– отбасы мүшелерінің әрқайсысына: жеке куәлік және туу туралы куәліктерінің көшірмелерін міндетті түрде алып келулері талап етіледі.

Анықтама алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:

БҚО Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45-үй, 435 – кабинет, тел: 98-41-99.

Интернет-ресурсы: http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/zko/ZKO

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
558 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»