24 Ақпан 2021 1517 0
ҚоғамҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ БҚО-ДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Ғали Есқалиевпен бірге Полиция департаментінің бірқатар нысандарын аралап, қызмет барысымен танысты. Соның ішінде модульді стационарлық бекеттердің жұмысына баса назар аударды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орал және Ақсай қалаларында барлық қажетті құрал-жабдықтармен жарақталған 10 жаңа модульді полиция пункті ашылды. Бұл пункттерде азаматтарды қабылдау тәулік бойы жүргізіледі. Заманауи стационарлық бекеттер неғұрлым криминогендік учаскелерге және адамдар көп жиналатын жерлерде құрылған.
– Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес сервистік модельдің басты мақсаты – «Жұртқа жақын полиция» қағидатын жүзеге асыру. Осы қағидатты іске асыру нәтижесінде біздің жұмысымыздың тиімділігі көрінуі тиіс. Азаматтар полицияға жүгінгенде проблемалық сұрақтарын айтып, өздерін полиция қызметкері қорғай алатынын сезінуі керек. Қазірдің өзінде біз мұның нәтижесін көріп отырмыз. Стационарлық полиция бекеттері орнатылған жерлерде құқық бұзушылық саны азайды, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Сондай-ақ Министр тәртіп сақшысы жұртшылықпен араласып, олармен өзара ашық сөйлесуі керек екенін де айтты.
Ерлан Тұрғымбаев жергілікті полиция қызметін реформалау кезінде учаскелік полиция инспекторларының атқаратын рөліне ерекше мән берілетініне тоқталды. Осы ретте ол учаскелік полиция инспекторларының жұмысын тексерді.
– Учаскелік полиция инспекторы өзі қызмет көрсететін әкімшілік аумақта үнемі болуы тиіс, сондықтан олардың штат санын ішкі резерв есебінен кадрлармен жасақтау тиіс. Біз әкімдікпен бірлесіп, учаскелік полиция инспекторлары үшін барлық жағдайды жасап, азаматтардың қауіпсіздігін одан әрі арттыра түсуіміз керек. Біз бұл жұмысты барлық өңірлерде жүргізетін боламыз, – деді Ішкі істер министрі.
Сондай-ақ осы жұмыс сапары кезінде облыс прокуратурасында жұмыс кеңесі өтіп, онда сот төрелігінің үш буынды жүйесі талқыланды. Содан кейін Министр Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесіп, тергеу саласы бойынша енгізілген заңнамалық актілердің талаптарын түсіндірді.

– Тергеуші барлық процесссуалдық шешімдер үшін жауапты болады. Шешім қабылдау, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне істі тіркеу, бұлтартпау шарасын таңдау және басқа да процессуалдық актілер – осының барлығы тергеушінің құзыретіне жатады. Тергеуші аадамдардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол бермеуі тиіс. Бұл ретте прокуратурамен өзара іс-қимыл жасасу қажет, – деді Ішкі істер министрлігінің басшысы.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов өзінің баяндамасында 2020 жылы облыста қылмыс саны 27 пайызға азайғанын атап өтті.
Сонымен қатар Ерлан Заманбекұлы ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің басым бөлігі цифрлы форматқа көшірілгеніне және олардың «Азаматтарға арналған Үкіметтің «Мемлекеттік корпорациясына» берілгеніне тоқталды.
– ІІМ қызметін реформалау бойынша жүргізілген жұмыс есебінен тұрғындардың полицияға деген сенім деңгейін көтеруге қол жеткіздік. Бүгінгі күні аталған көрсеткіш 75%-ды құрайды, бұл құқық қорғау құрылымдары арасындағы ең жоғарғы рейтинг болып саналады және біздің қызметіміздің азаматтар үшін қол жетімділігі мен ашықтығын көрсетеді. Біз осы бағытымыздан таймай, одан әрі нығайтып, жұртшылық тарапынан сынға ұшырамауға жағдай жасауымыз қажет. Барлық әрекет қатаң құқықтық талаптар шеңберінде жүзеге асуы керек. Полиция қызметкері жан-жақты, білімді, кәсіби біліктілігін ұдайы арттыратын, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілген толықтырулар мен түзетулер туралы ақпаратты жетік білетін маман болуы шарт. Бұл ақпараттың барлығын азаматтар полиция қызметкерлерінен сұрайды, сондықтан барлық заңнамалық нормаларды тұрғындарға түсіндіру біздің міндетіміз болып табылады. Біз – заң өкіліміз және біздің мақсатымыз – дұрыс, нақты және оңай жолмен заңнама талаптарын азаматтарға түсіндіру, – деп Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі өз сөзін қорытындылады.

zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
15 Наурыз 2026
58 0
Референдум2026
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
15 Наурыз 2026
63 0
Референдум2026
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
15 Наурыз 2026
66 0
Референдум2026
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
15 Наурыз 2026
60 0
Референдум2026
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
15 Наурыз 2026
89 0
Референдум2026
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
15 Наурыз 2026
91 0
Медицина
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
14 Наурыз 2026
85 0
Без рубрики
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
14 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
14 Наурыз 2026
87 0

Кіру
Пікір үстеу