8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Маусым 2022 2191 0
Қалалықтар қаперіне

Құрғақ шөпті жағуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Жазғы өрт қауіпті кезеңнің басталуы әрдайым құрғақ өсімдіктерді өртеуге байланысты өрттердің күрт өсуімен сипатталады. Барлық жерде автомобиль жолдарының бойында, шалғындарда құрғақ шөпті өртеу жүзеге асырылады. Азаматтардың үй иеліктеріне іргелес аумақта да, сондай-ақ әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде де қоқыс, егістіктерде сабан өртеледі. Құрғақ шөптердің жануы жеке шаруашылық иелері үшін де, жеке үй учаскелерінің иелері үшін де үйреншікті жағдайға айналады.
Көбінесе адамдар өздерінің иеліктері мен іргелес аумақтарын ретке келтіруге асығады, бұл ретте өрт қауіпсіздігі талаптарын ұмытып, тек өз мүлкіне ғана емес, сонымен қатар ауыр жарақат алып, өмірлеріне қауіп келтіретініне ойламастан тұрмыстық қоқыс пен құрғақ шөпті өртейді.
Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес аумақты жанатын қалдықтардан, қоқыстан, жапырақтардан және құрғақ шөптен уақтылы тазартуды қамтамасыз ету қажет. Қалдықтар мен қоқыстарды ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден кем қашықтықта орналасқан жерлерде жағуға тыйым салынады. Тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райы кезінде, сондай-ақ ерекше өртке қарсы режимді енгізу кезінде қоныстар аумақтарында белгілі бір учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Егер үйіңіздің жанында қоқыс немесе құрғақ шөп жанса, өртті бұтақтармен, топырақпен жауып, су шашып өз бетіңізше сөндіріп көріңіз. Жануды байқасаңыз дереу өртке қарсы қызметтің «101» немесе «112» телефон номеріне қоңырау шалып оқиға орнының нақты мекенжайын айтып хабарлаңыз.
Өрттің себепшісі, ал кейде құрбандары балалар болатын жағдайлар ерекше алаңдаушылық тудырады. Жылы мезгілдің келуімен балалар көп уақытын далада өткізеді, ата-аналарының тиісті назарының жоқтығын пайдаланып, достарымен жиі от жағады және мұның бәрі үлкен өртке айналуы мүмкін.
Қалыптасқан жағдайды айтарлықтай өзгерту қажет, әрқайсымыз қазіргі проблеманың маңыздылығын түсінуіміз керек. Шынында да, болып жатқан оқиғалардың кінәсі басым көпшілігінде біз және сіз, дәлірек айтқанда, біздің ұқыпсыздықлық пен мәдениетіміздің болмысы.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Тек өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ғана өрттердің алдын алып, қайғыға жол бермейді!

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»