«Protecting Business and Investments» жобасы аясында сегіз келісім жасалды
Батыс Қазақстан облысында «Protecting Business and Investments» Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасы бойынша келісімге қол қойылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен бүкіл ел аумағында «Protecting Business and Investments» Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасын іске асыру басталды.
Жобаның мақсаты – кәсіпкердің тек кәсіпкерлік қызметі барысында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күнделікті тап болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен сақтау және аймақтағы инвестициялық бизнес ахуалын жақсарту. Жоба Агенттік пен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және министрліктер мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іске асырылуда.
Осы жылдың жазында Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Конденсат» АҚ, «ABS- Мұнай» ЖШС және «Квант» ЖШС, «ОК Орал Кабель» ЖШС және «ПОШ Руно» ЖШС, «134» ЖШС компанияларымен инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 6 келісімге қол қойылды.
2018 жылғы 5 желтоқсанда Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов пен «DMD Production» ЖШС, «World Green Company» ЖШС директорлары Мәди Әбуғалиев пен Мұрат Ибрагимов консервілінген жемістер мен көкөністер мен шырындарды шығару және қызанақ және қияр отырғызу үшін жылыжый кешені құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.

Өзінің алғы сөзінде Болат Исақов Агенттік бастаған жобаның алға қойған міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдыңғы қатарлы превентивті механизмдерін белсенді қолдану және осы арқылы жобаның мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуалды нығайтуға және бизнес пен инвесторлардың сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға қол жеткізу екенін атап айтты.
Бизнес өкілдері, өз кезегінде, аталған келісімге қол қою бизнесті әртүрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау кепілі болатынын және аймақтағы бизнестің дамуына оң әсерін тигізетінін айтты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу