«Поэзия түні»
Махаббат…Сегіз әріп, бір арман… Осы бір ауыз сөз адамзат өмірінің мәніне айналған . Біреуге махаббат мұң, біреуге жыр, біреуге бақыт, енді біреуге қайғы әкеледі дейді. Бірақ сол бір сиқырлы сезімнің дәмін татпаған адамды бақытты деуге бола ма? Әлем махаббаттан құралған. Шырылдап дүние есігін ашқан сәттен бастап біз осынау ұлы сезімді сезінеміз.
Поэзия… Қараңғылықты өздерінше жарық қылуға барын салған шамдар… Махаббат құшағындағы жандар… Ерекше атмосфера… Жанды дауыстағы әуендер… Сәуір айының 14-жұлдызында Ақ Жайықтың төрінен орын алған Хадиша Бөкеева атындағы облыстық драма театрында «Поэзия түні» атты жыр кеші осы сөзіме дәлел бола алады.
Шарада Ерлан Жүніс, Қуаныш Амандық, Мирас Асан, Қалқаман Сарин тағы басқа да ақындардың лирикалық өлеңдері оқылды. Әдемі кештен шыққан көрермендер махаббат тақырыбының жеңіл тақырып еместігіне кө з жеткізді.
Нұрлыгүл Өтемісқызы, Х.Бөкеева атындағы облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі, актриса, «Парасат» орденінің иегері:
-. Бүгінгі шара қазақ халқының «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мерекесіне орай ұйымдастырылды. Дәл бүгінгідей поэзия түнін өткізу көптен арманым еді. Көріп отырғандарыңыздай, бізде өлеңді сүйіп тыңдайтын тыңдарман да, оқитын жастар да көп.Алдағы уақытта егер де көрермендер сұрап жатырса, бұл жобамыз тоқтап қалмайды.
Дария Максимқызы, көрермен:
-Поэзия түні маған ерекше әсер қалдырды. Кейбір сәттерінде көзіме жас та үйірілді. Жүректі қуанта да, сыздата да білген кеш болды. Актерлердің өнері өте жоғары деңгейде. Кеш өте ұнады.
Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу