8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2019 2026 0
Қоғам

«ПЛАСТИК АВТОТРАНС» ЖШС ҚОЙМАСЫНАН ӨРТ ШЫҚТЫ»

22 қаңтарда «Пластик Автотранс» орталығында кезекті  өрт-тактикалық жаттығулары өткізілді. Оның барысында өнеркәсіптік объектілердегі өрттерді сөндіру және эвакуация жоспарына сай ғимараттан адамдарды шығаруды ұйымдастыру бойынша іс-қимылдың өңделгендігі тексерілді.

  

«Пластик Автотранс» ЖШС қаланың Солтүстік-Шығыс бөлігінде Штыб және Шолохов көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұл аумақ темірбетонды плиталармен қоршалған, кіре беріс және бақылау-өткізу пункті арқылы аумаққа кіреді. «Пластик Автотранс» ЖШС аумағында әкімшілік ғимарат, өндірістік цех, пластикалық шеберхана, бос шеберхана, гараж, механикалық шеберхана және сақтау қоймасы бар.

Оқу-жаттығу шарты бойынша  16 сағат 30 минутта «Пластик Автотранс» ЖШС-ның  полимер қоймасында өрт шығады, 45 шаршы метрлік аумақта түйіршіктелген полимерлер өртенуде. Өрт сөндіру бөлімшесінің келуіне дейін кәсіпорыннан 20  адам қауіпсіз аймаққа жеткізілді.

Бірнеше минуттардан кейін өрт орнына бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келіп өртті сөндіруге кірісті және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 3 адамды құтқарды.  Бұдан кейін оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері, жедел жәрдем, газ қызметкерлері жетті. Өрт-тактикалық жаттығуына 7 бірлік техника жұмылдырылды.

Шартты өрттегі жұмыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылды – бөлмелердегі адамдардың бар-жоғына тексеріс жүргізу, өртті сөндіруді ұйымдастыру, іргелес бөлмелерді қорғауға оқпан берілді. Оқу-жаттығу барысында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объект әкімшілігімен және Орал қаласының тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасауы пысықталды.

Арайлым Ғани, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»