8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қыркүйек 2019 3203 0
Қоғам

ПАРАСАТТЫЛЫҚ – ОТБАСЫНАН

Парасатты қоғамның құрылысы адам өмірі бойы адалдық пен әділеттілікті дамытқан жағдайда ғана мүмкін болады. Дәл осы отбасында біз ерте жастан бастап балаларға осы құндылықтар туралы берік ұстанымдарды дарытып,  өскелең ұрпаққа қоғамдағы этикалық мінез-құлықты көрсетіп, салауатты өмір салтын қолдауымыз қажет.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әділеттілік, парасаттылық, сенім сияқты негізгі құндылықтарына сүйене отырып, Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі демалыс күні  «Отбасы күні» мерекесіне орай отбасымен бірге ұжымның спорттық турбазаға шығуын жүзеге асырды.  Отбасылық командалар арасында спорттық жарыстар өткізіліп, нәтижесінде үш жүлдегер анықталды. Бірінші орынды – Қарымсақовтар отбасы, екінші орынды – Қапышевтар отбасы, үшінші орынды – Қуанышқалиевтар отбасы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Таза ауада қызықты және көңілді отбасылық мереке барлық қатысушыларға өте ұнады және көптеген жағымды эмоциялар тудырды, бұл іс-шараны департамент дәстүріне енгізу шешілді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»