ПАНА ІЗДЕГЕН КЕЗБЕЛЕР
Күн суытып күз түскелі бері әлеуметтік орындардан пана іздегендер қатары артуда. Мәселен облыстық ауруханада өткен жылы суық маусымда 70-ке жуық кезбеге көмек көрсетілсе, күні бүгінге дейін 50-ге тарта үй-күйі жоқ жандарға ем дом жасалған.
Әлеуметтік желіні шулатқан бұл оқиға облыстық ауруханада болған. Өздеріңіз көріп тұрғандай күзетшілер сырқат жанды сыртқа шығарып тастаған. Жылжымалы зембілге жатқызылған ер адамға сол маңдағы жүргіншілер араша түсуде. Күздің қара суығында науқасты далаға шығарғандар дәрігердің пәрменін орындағанын айтады. Келеңсіз жайтты ұялы телефонға түсіре бастаған соң күзетшілер оны ішке қайта кіргізген. Видеодағы науқастың аты-жөні Арман Досжанов. 53 жастағы ер адам бас жарақатымен ауруханаға түскен. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күні емдеу мекемесіне жүгінгендер саны көп болған. Сондықтан кезекші дәрігерлер тұрғылықты жері жоқ адамды қабылдау бөлімінен терапияға апаруды екі күзетшіге тапсырған. Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуовтың айтуынша, енді Арман Досжановқа тиісті ем-шара толық жасалған соң, арнайы әлеуметтік орындарға жіберілмек. Енді өз ісіне салғырт қарағандар жазадан құтылмайды деп сендірді денсаулық мекемесінің қызметкерлері. Дегенмен аурухана басшылығы науқастар көбейген сәтте оларды тасымалдау ісіне кейде күзетшілерді тартатынын жасырмады. Және суық маусымда жандарына пана іздегендер аурухана жағалайтынын да тілге тиек етті. Дәрігерлер оны толықтай тексерістен өткізген. Қазір жағдайы бірқалыпты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу