8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2021 1971 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДАН АТЫРАУҒА АВТОБУС ЖҮРЕДІ

4-наурыздан бастап қалааралық автобустар қатынасы жандана бастады. Карантиндік шектеулерден соң автовокзал қызметкерлері жұмыс орындарына қайта оралуда. 


Өздеріңізге аян бір жылдан бері автовокзал жұмысы тоқтап тұр.

Облыстың бас санитариялық дәрігерлерінің жаңа қаулысынан соң карантиндік шектеулер жеңілдеп, қалааралық автобустар жүре бастады. Мәселен, кеше Атырау-Орал бағытындағы қатынас қалыпқа келіп, таңғы 9.00-де автобус20 жолаушымен мұнайлы өлкеге жол тартты. Автовокзал директорының айтуынша, кері бағыттағы көлікке билет толықтай сатылып кеткен. Автовокзал директоры Талғат Бисекеновтың сөзінше, көп ұзамай Ақтөбе мен Орал арасынада да қатынас жанданатын болады.

– Қазір көрші қаланың рұқсатын алу шаралары жүргізілуде. Эпидемиоиологиялық жағдайға байланысты алдағы уақытта қалалармен байланыс кезең-кезеңімен қалыпқа келе бастамақ,– деді Талғат Бисекенов.

Қос қаланың арасындағы қатынастың қалыпқа келгеніне жолаушылар риза.

Жұмысына кіріскен тасымалдаушы кәсіпорында жалпы саны 200-ге жуық қызметкер бар. Жұмысшылар осы уақыт аралығында мүмкіндігінше басқа қызметке тартылыпты. Сала мамандары Оралдан Ресеймен қоса 7 бағытқа қатынайтын автобустар эпидемиологиялық ахуалға байланысты біртіндеп жұмысын қайта бастайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік,  жыл басынан бері Орал-Атырау автожолында жеңіл көліктердің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 14 адам көз жұмды, 10 адам жарақат алды.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
302 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»