«ОРАЛДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ»
Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында өрт-тактикалық жаттығулары өтті.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының қызметкері Арайлым Ғанидің хабарлауынша, жаттығуды өткізудің мақсаты – адамдар жаппай келетін нысандағы өрт сөндіру бойынша іс-әрекетті пысықтау. Бұл жеке құрам үшін жаңа болмаса да жүйелі түрде жаттығуды талап етеді. Екіншіден, эвакуациялау жоспарларына сәйкес ғимараттан адамдарды шығаруды ұйымдастыру.
Оқу-жаттығу шарты бойынша жертөле қабатындағы баспасөз-конференциясы залында өрт шықты. Сондай-ақ орын-жайда келушілер көп болып ғимараттан шығып үлгермеген зардап шегуші де болады. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін кәсіпорын қызметкерлері 22 адамды эвакуациялады. Бірнеше минуттардан соң нысан орналасқан шығу ауданындағы шартты өрт орнына бірінші бөлімі келіп, келісімен зардап шегушілерді құтқаруға кірісті. Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері 6 адамды құтқарды. Бұдан кейін оқу-жаттығу орнына өртке қарсы қызметтің басқа бөлімшелері, жедел жәрдем, газ қызметі және жергілікті полиция қызметі жетті. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуына 13 бірлік техникалар жұмылдырылды.
– Шартты өрттегі жұмыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Бөлмелердегі адамдардың бар-жоғына тексеріс жүргізу, өртті сөндіруді ұйымдастыру, жапсарлас бөлмелерді қорғауға оқпан берілді. Оқу-жаттығу барысында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объект әкімшілігімен және Орал қаласының тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылы пысықталды. Әр нысанның өз архитектуралық және құрылыстық ерекшеліктері бар. Сондықтан өрт пен тактикалық жаттығуларды жүргізу кезінде, әсіресе, адамдар жаппай келетін нысандарда өрт сөндірушілер ғимараттың әр бұрышын, негізгі және төтенше шығу орындарының орналасуын, нысан аумағына өрт гидранттарын орналастыруды және тағы басқаларды алдын ала және мұқият тексеруі қажет, – дейді Арайлым Ғани.

«ЖАЙЫҚ ҮНІ»
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу