ОРАЛДА ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАНДАР ҰСТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы аумағында «Пәтер» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Мақсат – пәтер ұрлықтарын жасауға қатысты тұлғаларды анықтау және оларды ұстау.

Жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД-ның аумақтық бөліністері тарапынан пәтер ұрлығының 33 фактісі ашылды. Оның алтауы кезекшілік тәулікте анықталды және ашылды, 24 факті бұрын жасалған қылмыстар қатарынан және 3 факті «өткен жылдар» санатынан.
Пәтер ұрлығын жасағаны үшін 33 тұлға және 1 қылмыстық топ ұсталды.
Орал қ. ПБ Абай Пб қызметкерлері Орал қаласының жеке тұрғын үйлерінің бірінде орын алған пәтер ұрлығы ашты. Аталған үйден белгісіз тұлғалар жалпы сомасы 2 700 000 теңге болатын алтын бұйымдар мен тауар-материалдық құндылықтарды ұрлаған.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 1974 және 1985 ж.т. екі ер адамды анықтап ұстады.
Аталған факті бойынша Абай полиция бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасы ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Полицейлер пәтерлер мен үйлерді ұрлық фактілерінен қорғау үшін терезелерге темір торлар орнату қажеттігін айтады. Сондай-ақ үйдің ішіне және сыртына бейнебақылау камераларын қою, күзет сингализациясын қондыру және мамандандырылған күзет қызметтерін тарту ұрлық фактілерінен қорғаудың тиімді әдісі болып саналады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу