8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2019 1702 0
Өзек

ОРАЛДА БОЙЖЕТКЕН ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАМАҚ БОЛДЫ

Батысқазақстандық құтқарушылар өзіне қол жұмсамақ болған 23 жасар қызды құтқарды.

Оқиға 28 ақпан күні болған. БҚО ТЖД Жедел-құтқар жасағының бас құтқарушы-психологы Л. Әбдрахманованың мәліметінше, Ол құрбысына өмірмен қоштасқысы келетінін жазып, түн ортасында  хабарлама жолдаған. Құрбысы дереу Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік қызметіне хабараласып көмек сұрайды.

Жедел шақыртуға №3 құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Нұрбек Тауашев, құтқарушылар Бекжан Айтқалиев және Болатбек Сартаев жіберілген. Алайда, оқиға орнына жеткен құтқарушылар үй есігінің іштен құлыпталғанын анықтады. Қыз бала тұрмыстық газды ашық қалдырып, өзін өлімге қимақ болған. Есікті ашқан құтқарушылар еденде ес-түссіз жатқан қызды дереу балконға шығарып, полиция қызметкерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

Реанимациялық әрекеттер нәтижесінде қыз бала есін жиды. Кейін құтқарылған жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Құтқарушылар пештің газын сөндіріп, жиналған газдан пәтерді және кіреберісті желдету бойынша іс-шаралар өткізді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
49 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
104 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
78 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»