8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Ақпан 2022 2236 0
Қоғам

ОРАЛДА АЛҒАШ РЕТ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ӘКЕЛЕР МЕН БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

Балалар жылы аясында «Орал» спорт клубының ат спорты бөлімінде ұлттық спорт түрлерінен алғаш рет әкелер мен балалар арасында жарыс өтті.
«Орал» спорт клубының директоры Есқабыл Жалмұрзиевтің айтуынша, аталмыш жарыс ұлттық спортты дамыту, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Өңірге танымал спорт ардагерлері Руслан Мырзашев пен Қуаныш Уақасов балаларға батасын берсе, олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі директоры Қанат Жанғалиев ат спортының адам өміріндегі, бала дамуындағы маңызы зор екендігін жеткізді. Әкелі-балалы 12 жұп садақ ату, серке ілу, кермеге тартылу, аударыспақ сынды нағыз жігіттер сайысына түсіп, салт-дәстүр, ат спорты мен жылқыға қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл күні әкелер өз ұлдарының ат жалын тартып, ұлттық спорт түрлеріне төселгенін көріп, өздері де намысқа тырысты. Әсіресе, аударыспақта, серке ілудегі балаларының ептілігіне тәнті болды. Жиналған жұртшылық ат спорты нағыз білекті, жүректі жігіттердің ісі екеніне тағы бір көз жеткізді. Шараның мақсаты да ат жалын тартып, ата жолын қуған жеткіншектердің ісін әкелерге көрсету, екі арадағы берік қарым-қатынасты нығайту болатын. Сайыс қорытындысында Оралхан Бақтыгереев пен оның ұлы Нұрдәулет Мағзом жеңімпаз атанды. Әбілқайыр Ахметов пен Дияс Сүйінғараев екінші, Нұрлан Ахмешев пен Арсен Мұратқали үшінші орынға ие болды. Жүлдегерлер дипломмен, жарысқа қатысушылар алғысхат, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
41 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
40 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»